«ТIFLO-АСХАНА» ЖОБАСЫ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен «Анаға тағзым» орталығының «Береке» аспаздық студиясында зағип жандарды кедергісіз әлеуметтік ортаға тарту, аспаздық дағдыларды үйрету арқылы оңалту және бейімдеу мақсатында «Тiflo-Асхана» жобасын өткізді.

Жобаның кезекті шығарылымына арнайы кітапхананың тұрақты оқырманы, «Қазақ соқырлар қоғамының» мүшесі, спортшы, ардақты әке Есімов Ғалымжан Ренатұлы қатысып, өте дәмді, құрамы дәруменге бай, тез дайындалатын «Жеміс» салатын жасады. Салат дайындау барысында еркін әңгіме жүргізіп, көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға асханада ас даярлауда ескеретін қауіпсіздік ережелерін айтып, алға қойған мақсаттары мен жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ, ата-ананың балаға үлгі боларлық қасиеттерді атап, оларды тәрбелеуде қандай қателіктерді жібермеу керектігін айтты.

Іс-шара соңында жоба жетекшісі қатысушы Ғалымжан Ренатұлына алғысын білдіріп, кітапхана ұжымының атынан сыйлықтар ұсынды.