ТИФЛО-МУЗЕЙ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «ӨРШІЛ РУХТАН ӨЛМЕС ЕРЛІК ТУАДЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА QR-КОДТЫ ТОЛЫҚТЫРУ ШАРАСЫ ӨТТІ

Көру қабілеті шектеулі жандардың мәдени және тарихи мұралармен таныстыру мақсатында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мен «Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану» музейіне қарасты Бауыржан Момышұлы мемориалдық музейі бірлесе ұйымдастыруымен «Тифло-музей» жобасы аясында «Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін!» атты тарихи танымдық бұрышы аясында «Өршіл рухтан өлмес ерлік туады» тақырыбында QR-кодты толықтыру шарасы өтті.
Шара барысында зағип оқырмандарға Бауыржан Момышұлының тұрмыста қолданған қасық шанышқысы, орамалы, ожауы, электро бритвасы, мүштік, кесе, белдік, фотоаппараты батырдың ноталары, қағаз құжаты және тағыда пайдаланған жеке заттары көрмеге ұсынылып, жалпы саны- 22 QR-код қойылған жәдігерлерімен толықтырылды.
Шара соңында заманауи үлгідегі QR-кодты смартфонға енгізу арқылы аудан оқырмандары тәжірибе жүзінде қолданып, экспонаттарды қол ұшымен ұстап, сипап- сезініп, өзара пікір алмасып, арнайы кітапхана ұжымына өз алғыстарын жеткізіп, сондай-ақ даңқты қолбасшының көзін көрген, батасын алған зағип оқырманымыз көпшілікке жүрекжарды өз батасын берді.