«Тифломузей» жобасы аясында зағип азаматтар ақшаның пайда болуы тарихымен танысты

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен 15 қараша ұлттық валюта күніне орай және ұлттық валюта-теңгенің айналысқа енгеніне 30 жыл толуына орай «Ұлттық валюта-еліміздің даму көзі» тақырыбында «Жамбыл-облыстық тарихи-өлкетану музейінде» саяхат өтті. Экскурсияға «Қазақ соқырлар қоғамы» мүшелері қатысты.
«Тифломузей» жобасы аясында бірнеше кезеңнің ақша тарихын сипаттайтын көрме жасақталды. Оқырмандар назарына VII ғасырға жатқызылатын Түргеш тиындары, Х-ХІІ ғасырлардағы Қараханид дирхемдері және де 1947 жылдан бастап шығарылған КСРО копейкаларымен купюрасының үлгілері, Бұқара тиындары, қола тиындар, 1993 жылда шыққан қағаз ақшалар, мерейтойлық күміс монеталары, Бабаджа-Хатун кесенесі бар сондай-ақ таңбалы тастың бейнесі бар монеталар ұсынылды.
Шара соңында «Ұлттық теңге-Тәуелсіздігіміздің нышаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, арнайы кітапхана ұжымына зағип оқырмандар өз алғыстарын білдірді.