ЗАҒИП БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КІТАППЕН БІРГЕ» АТТЫ ЛАГЕРЬ ЕКІНШІ КҮНІДЕ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ.
Алғашқы күні «Мамыр» саябағынан басталған қысқа мерзімді лагерь Жамбыл облыстық орыс драма театрының «Маугли» ертегісімен жалғасты. Балалар өнер ордасының сахналаған қойылымын тамашалап, алған әсерлерімен кітапханаға келіп бөлісіп, жануарларды сомдап берді.
Кішкентай бүлдіршіндер аулада бормен сурет салып, түрлі ойындарға қатысты. Тәтті мақтаның жасалуын қызықтап, тәттіден дәм татты.
Лагерь соңында №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты оқушыларына №33 мектептің түлегі Шыразбекова Диана балаларға демеушілік жасап, сыйлықтармен қуантты.

