ЗАҒИП ОҚУШЫ “ТИФЛО-АСХАНА” ЖОБАСЫНДА

№2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатында мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік ортаға тарту, ас үйде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға, түрлі тағам түрлерін жасап үйретуге бағытталған «Тiflo-Асхана» жобасын өткізді.

Кезекті шығарылымға арнайы кітапхананың тұрақты оқырманы, №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатының оқушысы Босын Аяулым қатысып дәруменді жеміс-жидектерді сәнді турау әдісін үйренді.

Жеміс жидектерді әзірлеу барысында көзі әлсіз көретін жандарға мотивациялық кеңес беріп, байқауларда жеткен жетістіктері жайлы айтты. Сондай-ақ, алға қойған мақсаттары мен армандарымен бөлісті.

Іс-шара соңында кітапханашы жобаға қатысушыға арнайы сыйлығын табыстап, жылы лебізін білдірді.