ЗАҒИП ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЙЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЛАГЕРЬ ӨТУДЕ

          Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен «1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай «Жазғы демалыс кітаппен бірге» Baby show жазғы қысқа мерзімді лагерінің ашылуы өтті. Лагерь №2 «Болашақ» арнайы мектеп интернатының оқушыларымен ұйымдастырылды.
             Бірінші күнінде балалар «Майская роща» демалыс саябағында болды. Олардың бос уақыттарын тиімді өткізулеріне, табиғатты танып білулеріне, таза ауада тынығуларына оң әсер беру үшін «Пикник» ұйымдастырылды. Мерекелік шара барысы балаларға таңертеңгілік би билеуден басталды. Ойлауды, сөйлеуді, көруді дамыту мақсатында ұйымдастырылған саяхат «Сиқырлы бояулар әлемінде» сурет салу сайысы мен мергендік бейімділігіне арттыруға «Кегли», «Лабиринт» т.б. ойындарымен жалғасты.