«ЗАҒИП ОҚУШЫЛАР ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРШАҒА ҚАТЫСТЫ”
Арнайы кітапхана мен Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры бірлесе ұйымдастыруымен жаңа жылдық мерекеге орай №2 «Болашақ» арнайы мектеп интернатының оқушылары «Жыл патшалығының құпиясы» атты қойылым тамашалады. Сондай-ақ, жасөспірімдерге арналған «Жаңа жылдық театрланған думанды шоу» думанды бағдарламасын ұсынды.
Оқиға желісі бойынша Жаңа жылдық мерекенің негізгі кейіпкері болып саналатын – аяз ата мен ақшақар балалардың ғажайыпқа деген сенімдерін оятып, армандарының орындалуына қадам жасап, арнайы кітапхана тарапынан 5 оқушыларға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.
Мерекелік шара соңында балалар кеш кейіпкерлерімен бірге естелік суретке түсіп, оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

