ЗАҒИП ЖАНДАРДЫҢ БАЛАЛАРЫ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРШАҒА ҚАТЫСТЫ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мен Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры бірлесе жаңа жылдық мереке орай №2 Болашақ арнайы мектеп интернатының оқушылары мен Қазақ соқырлар қоғамы мүшелерінің балаларына «Ғажайып» ертегісі-қойылымын көрсетіп, «Жаңа жыл-2024» жасөспірімдерге арналған думанды бағдарламасын ұсынды. Оқиға желісі бойынша Жаңа жылдық мерекенің негізгі кейіпкері болып саналатын – Санта балалардың ғажайыпқа деген сенімдерін оятып, армандарының орындалуына қадам жасап, арнайы сыйлықтарын табыс етті. Ал, арнайы кітапхана қызметкері Сейтбаева Гүлнар Жарғаққызы 10 оқырманға қайырымдылық сыйлықтарын табыстап, бұл жыл барлық тілек пен үміттер орындалатын қуатты жыл болсын-деп тілегін білдірді.