«ЖҮРЕКПЕН КӨРЕТІН ЖАНДАР»
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мен «Т.Рысқұлов аудандық тарихи-өлкетану музейі» бірлесе ұйымдастыруымен «Тифло-музей» жобасы аясында «Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін!» атты тарихи танымдық бұрышы бойынша «Жүрекпен көретін жандар» тақырыбында QR-кодты толықтыру ашық есік күні шарасы өтті.
Іс-шараның мақсаты: Көру қабілеті шектеулі жандардың мәдени және тарихи мұраларымен толыққанды танысуына мүмкіндік береді. Оқырмандарға инклюзивті қоғам қалыптастыруға ықпал етіп, музей экспозициясына еркін қол жеткізуге жағдай жасау.
Шара барысында зағип оқырмандарға ХІХ-ХХ ғасырлардағы тұрмыста қолданыста болған құмған, күбі, құмыра, самаурын,радио, домбыра т.б сол сияқты үй жағдайында қолданылған көне заттардан көрме ұсынылып, жалпы саны-21 QR-код қойылған жәдігерлерімен толықтырылды.
Шара соңында заманауи үлгідегі QR-код қойылған экспонаттардың кодын смартфонға енгізу арқылы оқырмандарға ұсынылып, кітап көрмесі насихатталды.

