Жамбыл обылысының БАҚ өкілдері Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында.

Жамбыл обылысының БАҚ өкілдері Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының тыныс-тіршілігінен көптеген мәліметтер ала отырып, кітапхана қызметкерлерінің оқырмандарға қызмет көрсету жұмысымен қатар, арнайы зағип азаматтар үшін жасалып жатқан Жобалық жұмыстарымен танысты. Аталған жобалардың барлығы рухы биік зағип азаматтардың бос уақытын тиімді пайдаланумен қатар, қоғамда өзін еркін бейімделуіне, білімінің жетілуіне, мәдени дамуына, жасалып жатқан жағдай екені кеңінен насихатталды.
Сонымен қатар, атқарылып жатқан іс-шаралар мен Халықаралық, Республикалық, Облыстық деңгейде жеткен жетістіктері туралы да айтылып өтті.