«ЖАНАРСЫЗ ДА ЖАРЫҚ ӘЛЕМ» ТОЛЫҚТЫРУ ШАРАСЫ ӨТТІ
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мен Шу аудандық тарихи-өлкетану музейінің бірлесе ұйымдастыруымен «Тифломузей» жобасы аясында «Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін!» атты тарихи танымдық бұрышы бойынша бойынша «Жанарсыз да жарық әлем» тақырыбында толықтыру шарасы өтті.
Шара барысында замануи үлгідегі QR-код қойылған экспозиция, мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға смартфон арқылы жәдігердің кодын енгізіп, толықтырылды.
Іс-шара мақсаты – халқымыздың ұлттық тарихи-мәдени құндылықтарын және кітаптан оқыған, құлақпен естіген мағлұматты қолымен ұстап сезінуге, ой өрісін дамытуға жол ашу, сонымен қатар музей экспозициясына еркін қол жеткізуге жағдай жасау. Сондай-ақ көрмеге 20 QR-код қойылып, керосин шамы, шоқ үтік, күбі, қобыз, пионер барабаны, рубель, жүген т.б тарихи-жәдігерлер қойылып, тарихы толықтай таныстырылды. Сонымен қатар, аталған көрмеге, кітапхана оқырмандары мен қонақтар алған әсермен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, арнайы кітапхана қорына келіп түскен әдебиеттерден «Кітап-тарих айнасы, шежіре-ұрпақ мұрасы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу ұсынылды.

