«ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КІТАППЕН БІРГЕ» ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЛАГЕРІ АЯҚТАЛДЫ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Жазғы демалыс кітаппен бірге» атты қысқа мерзімді жазғы сауықтыру лагерь өз жұмысын жалғастыруда.
Жазғы лагердің үшінші күнінде зағип балаларды қоғамдық ортаға баулу, ой-өрісін дамыту, туған өлкенің тарихынан сыр шертетін тарихи жәдігерлермен таныстыру мақсатында «Жамбыл облыстық тарихи-өлшкетану» музейі мен «Көркемсурет» галереясына саяхат жасалды.
Балалар тарихи-жәдігерлерді ұстап-сипау арқылы танымын кеңейтіп, еліміздің бай экспонаттарына өз қызығушылықтарын арттырып, сондай-ақ көне қаланың бой көтерген биік мұнарасымен тарихи-мәдени орталықтарын тамашалады.
Мерекелік лагердің соңында кітапхана директоры Алшинбаева Жанна Тұрарқызы бүлдіршіндерге ізгі тілектерін жаудырып, сонымен қатар «Берекет» асханасы қайырымдылыққа түскі асты ұйымдастырды.