«ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КІТАППЕН БІРГЕ»

           Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен «1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай «Жазғы демалыс кітаппен бірге» Baby show жазғы қысқа мерзімді лагерь жұмысы жалғасуда.
          №2 «Болашақ» арнайы мектеп интернатының оқушыларымен ұйымдастырылған лагерьдің екінші күнінде балалармен облыстық арнайы кітапханаға экскурсия жасалып, шағын сұхбат жүргізілді.
         Сонымен қатар шаттық, қуаныш сыйлайтын мерекеге орай ертегі кейіпкері қонаққа келіп, балалармен би билеп, ойын ойнап көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.