“ЖЫР ПАДИШАСЫ ФАРИЗА” КВЕСТ ОЙЫНЫ ӨТТІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы ұйымдастыруымен “Болашақ” жазғы сауықтыру лагерьіндегі демалушы балаларға Қазақстанның халық ақыны, халық жазушысы, журналист, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың шығармашылығын насихаттау, қызықты ойын арқылы ақынның тағылымды да өнегелі мол мұрасын таныстыру мақсатында «Жыр падишасы Фариза» атты квест ойынын өткізді.
Бірнеше аялдамадан тұратын квест ойында Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы турасында түрлі тапсырмалар жасырынған, бір аялдаманы еңсерген ойыншылар, келесі кедергіні шешіп, қатысушылар қазынаны іздеу арқылы қызықты деректермен танысты.
Ойын қорытындысы бойынша ІІІ-ші орынды «Жастар» командасы, ІІ-ші орынды «Жамбыл», І-ші орынды «VIP» командасы иеленіп, атанған командаларға кітапхана тарапынан әзірленген Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Ал, аталған лагерьдің директорының орынбасары Әміре Нуриля Абылайқызы квест турасында сөз алып, ойынға жоғарғы баға берді.