«БРИЛЛИАНТОВАЯ РУКА» АТТЫ КОМЕДИЯСЫ КӨРСЕТІЛДІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамдық ортаға бейімдеу, өзін-өзі дамытуы мен кітап оқуға баулу және зағип оқырмандарға арналған тифлопікірі бар киноларға қолжетімділікті арттыру мақсатында «Шексіз кино әлемі» атты зағип жандарға арналған кино көрсетілімін 2022 жылы өз жалгасын табуда. Мамыр айының жоспарына сәйкес кезекті көрсетілімге Леонид Гайдайдың 1968 жылы экранға шыққан «Бриллиантовая рука» атты комедия берілді.
Іс-шара соныңда оқырмандар фильмнен алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын талқыға салды.