«ДОРОГА НА БЕРЛИН» АТТЫ ӘСКЕРИ ФИЛЬМІ КӨРСЕТІЛДІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамдық ортаға бейімдеу, өзін-өзі дамытуы мен кітап оқуға баулу және зағип оқырмандарға арналған тифлопікірі бар киноларға қолжетімділікті арттыру мақсатында «Шексіз кино әлемі» атты зағип жандарға арналған кино көрсетілімі 2022 жылы өз жалгасын табуда.
9 мамыр — Ұлы Жеңіс күніне орай әйгілі совет жазушысы, жауынгер Э.Казакевичтың «Двое в степи» повесті бойынша, режиссер Попов Сергей түсіріп, 2015 жылы экранға шыққан «Дорога на Берлин» атты әскери фильмі көрсетілді.