«ДЖЕНТЕЛЬМЕН УДАЧИ» АТТЫ ФИЛЬМІ КӨРСЕТІЛДІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамдық ортаға бейімдеу, өзін-өзі дамытуы мен кітап оқуға баулу және зағип оқырмандарға арналған тифлопікірі бар киноларға қолжетімділікті арттыру мақсатында «Шексіз кино әлемі» атты «Қазақ соқырлар қоғамы» мүшелеріне арналған кино көрсетілімін 2022 жылы өз жалғасын табуда. Маусым айының жоспарына сәйкес кезекті көрсетілімге «Джентельмен удачи» атты фильмі берілді.
Тифло-пікірлі фильмді «Қазақ соқырлар қоғамының» мүшелері аса қызығушылықтарымен тамашалап, фильм соңында Совет өкіметі кезіндегі жағымды естеліктерімен бөлісті.
Фильмнің соңында оқырмандарға кітапхана қорынан Герберт Уэллс Краткая «Краткая история человечества», Иоганн Вольфганг Гете «Фауст» , Архимандрит Тихон «Непознанный мир веры», Ольга Володарская «Лунный демон», Татьяна Полякова «Тайна, покрытая мраком», Свержин Владимир «Обитаемый остров» т.б дыбыстандырылған әдебиеттер алып оқуға ұсынылды.