ТИФЛОПІКІРІ БАР «ЧУДО» АТТЫ ДРАММАСЫ КӨРСЕТІЛДІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы 2021 жылы бастау алған «Шексіз кино әлемі» атты тифлокино жобасы көзі көрмейтін жандарға арналған көрсетілім жұмысын жүйелі түрде жалғастыруда.
Мүмкіндігі шектеулі зағип жандардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мен тифлопікірі бар фильмдерге қолжетімділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылған тифлокиноны, зағип жандар көздері көрмеседе фильмде көрсетіліп жатқан табиғаттың кереметтілігін, адамдардың қас қабағындағы эмоцияларын, киген киімдерін тифло- пікір арқылы сипаттайтын киноны тамашалай алады.
Кезекті көрсетілім Режиссер Стивен Чбоскидың 2017 жылы экранға шыққан «Чудо» атты драммасы, Соқыр және нашар көретін балаларға арналған «Болашақ» мектеп-интернатында өтті.
Тифлокиноны интернаттың 3-8 сынып аралығындағы оқушылар аса қызығушылықпен тамашалап, көрген көріністерді ортаға салып талқылап, өз пікірлерін айтты.
Мүмкіндігі шектеулі балалар тифлопікірі бар фильмдер мен мультфильмдерді көруге мүмкіншілік жасаған жоба жетекшісі Жұлдыз Қаратаеваға разылықтарын білдіріп, дыбыстандырылған киноның өздеріне әлде-қайда ыңғайлы әрі түсінінікті екенін айтып, келесі көрсетілімді де тамашалауға асық екендіктерін жеткізді.
Тифлокино соңында кітап қорынан балаларға арналған жайпақ баспалы және дыбыстандырылған кітаптарға библиографиялық шолу жасалып, 5 кітап алып оқуға берілді.