«Қазақ соқырлар қоғамының» мүшесі, түрлі облыстық, аудандық байқаулардың жеңімпазы, ардақты әке, әнші, арнайы кітапхананың тұрақты оқырманы Ақпаев Нұрсұлтан Нұрланұлы

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы көру қабілеті нашар азаматтарды ас үйге бейімдеуге, ас дайындауда қауіпсіздік ережелерін сақтап, көруді бақыламай-ақ түрлі тағам түрлерін әзірлеу, әлеуметтік ортаға тарту және кітапхана қорында бар аспаздық тақырыптағы кітаптарды насихаттау мақсатында «Tiflo-Асхана» жобасын өткізді. Жобаның кезекті шығарылымына «Қазақ соқырлар қоғамының» мүшесі, түрлі облыстық, аудандық байқаулардың жеңімпазы, ардақты әке, әнші, арнайы кітапхананың тұрақты оқырманы Ақпаев Нұрсұлтан Нұрланұлы қатысып, дәмді, құрамында пайдалы дәрумендері мен қанты көп, денсаулыққа пайдалы көкөністердің бірінен жасалынатын «Қызылша» салатын әзірледі. Салат әзірлеу барысында, қызылша ағзада қанның көбеюіне қажет екендігін, ән өнеріне қызығушылығын жеткізіп, оқырмандарға ән салып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, үй жағдайында дайындалатын танымал тағамдардың рецепттері жазылған «Әлем халықтарының тағамдары» атты кітаптарға библиографиялық шолу жасалды.