АКАДЕМИК К.И СКРЯБИННІҢ МУЗЕЙ-ҮЙІНЕ ОҚУШЫЛАР САЯХАТ ЖАСАДЫ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Жамбыл облыстық Тарихи-өлкетану музейі» КМҚК Академик К.И Скрябиннің музей-үйіне «Көзі нашар көретін «Болашақ» мектеп-интернатының» 8«ә» сынып оқушыларымен саяхат жасалды.
Саяхат барысында 1962 жылы ашылып, қайтадан жаңадан өңделіп, реставрациялық жұмыстар жүргізіліп, мұражай ауласына ғалымға ескерткіш орнатылғаны насихатталып, академик ғалым Константин Иванович Срябиннің өмір жолы тереңінен айтылып, оқушыларға мұражайдағы гельминтологиялық толық зерттеулерімен, лабораториялары түсіндіріліп көрсетілді.
Саяхат соңында Константин Иванович Скрябиннің түрлі туындылары мен энциклопедиялары көрсетіліп, ғалымның жеке заттары, құжаттары және өміріне қатысты фотосуреттер мен материалдарын арнайы таныстырып, ғалымның ғылыми шығармаларының қолжазбалары, мөрлері түрлі еңбектерінің түпнұсқаларын оқушылар қолының ұшымен ұстап, сезініп, өз ой-пікірлерін айтты.