БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛАМЫЗ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай зағип оқырмандардың балалары мен «Болашақ» мектеп интернатының зағип оқушыларын Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне апарды. Балалар тарихи жәдігерлерді ұстап-сипау арқылы танымын кеңейтіп, қандай зат екенін тауып, ерекше қуанышқа бөленді. Балаларының шат-шадыман көңіл күйі ата-аналарын қуантып, музей қызметкерлері мен кітапханашыларға алғыстарын айтты.