«Қазақтың ұлттық қолөнері» атты тақырыпта қолөнер шеберлері көрмесіне экскурсия

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлесіп, зағип жандарды қазақ халқының мол қолөнер үлгілерімен таныстыру мақсатында «Қазақтың ұлттық қолөнері» атты тақырыпта қолөнер шеберлері Бейсбековтердің отбасылық жылжымалы көрмесіне экскурсия ұйымдастырды. Көрмеге «Болашақ» мектеп-интернатының жоғары сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында «Көркемсурет галереясының» қызметкері Г. Көлбаева қатысушыларға қолөнер шеберлері Бейсбековтердің отбасылық жылжымалы көрмесінде топтастырылған ұлттық ою түрлері мен зергерлік бұйымдарымен таныстырып, қаланың құнды деректері мен қазақ халқының этнографиясына қатысты тарихи жәдігерлеріне, қылқалам шеберлері салған көркем суреттеріне экскурсия жүргізді. Сондай-ақ, танысытырылған әрбір құнды жәдігерлерді қолмен ұстап, сезінулеріне мүмкіндік берілді. Шара соңында музей қызметкерлері зағип жандарды халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға және өз елінің, жерінің жетістіктеріне сүйсіне білетін ұлтжанды болуға шақырды .