«КІТАПХАНА – МӘДЕНИЕТ ПЕН ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС ОРТАЛЫҒЫ» АТТЫ БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ САБАҚ ӨТТІ

🔷Кітапхана – руханияттың орталығы. Абыз Әбіш Кекілбаевтың «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен кітапхана» деген ұлық сөзінен кітапхананың маңызын түсінуге болады. Осы орайда библиографиялық қызмет көрсету бөлімінде аудандық қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлерімен «Кітапхана – мәдениет пен қарым – қатынас орталығы» атты библиографиялық сабақ өткізілді.

🔷Кітапхана қазір қоғамдық даму орталығы, әлеуметтік институт, шығармашылық алаң бол болғандықтан, бүкіл мәдени ортаның тоғысуынан тұрады. Аталған саяхат шолуда зағип азаматтарға ерекше күтім мен қарым-қатынас жасау қажеттілігі және оларға қолдау көрсетуде үнемі қызметкерлер өз-өзін дамытып отыруы тиіс екендігін атап көрсетіліп, бірқатар кітапханада атқарылатын жұмыстар барысымен таныстырылды.

🔷Сонымен қатар, кітапхана ортасын рәсімдеу тәжірибесімен бөлісіп әріптестерге креативті және стандартты емес кітап көрмелерін, тақырыптық сөрелерді көрсетті.