«КІТАПХАНА – МӘДЕНИЕТ ПЕН ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС ОРТАЛЫҒЫ» АТТЫ БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ САБАҚ ӨТТІ
?Кітапхана – руханияттың орталығы. Абыз Әбіш Кекілбаевтың «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен кітапхана» деген ұлық сөзінен кітапхананың маңызын түсінуге болады. Осы орайда библиографиялық қызмет көрсету бөлімінде аудандық қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлерімен «Кітапхана – мәдениет пен қарым – қатынас орталығы» атты библиографиялық сабақ өткізілді.
?Кітапхана қазір қоғамдық даму орталығы, әлеуметтік институт, шығармашылық алаң бол болғандықтан, бүкіл мәдени ортаның тоғысуынан тұрады. Аталған саяхат шолуда зағип азаматтарға ерекше күтім мен қарым-қатынас жасау қажеттілігі және оларға қолдау көрсетуде үнемі қызметкерлер өз-өзін дамытып отыруы тиіс екендігін атап көрсетіліп, бірқатар кітапханада атқарылатын жұмыстар барысымен таныстырылды.
?Сонымен қатар, кітапхана ортасын рәсімдеу тәжірибесімен бөлісіп әріптестерге креативті және стандартты емес кітап көрмелерін, тақырыптық сөрелерді көрсетті.