«ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ – ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ» АТТЫ ТАРИХИ КАЛЕЙДОСКОП ӨТТІ

🔷Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы № 10 орта мектебінің кітапханасымен бірлесе Темірбек Жүргеновтың туғанына 125 жыл толуына орай «Темірбек Жүргенов – қазақ руханиятының жарық жұлдызы» атты тарихи калейдоскоп өтті. Іс-шарада оқушылар Темірбек Жүргеновке арнайы дайындаған арнау өлеңдерімен естеліктерін айтты. Сондай-ақ 4 сынып оқушысы Ақылбек Айару «Еркіндігімнің айғағы» әнін орындап, көрермен қошеметіне бөленсе, ал Садық Нұрасыл «Адай» күйін тарту етті.
🔷Сонымен қатар, мемлекет қайраткері жайлы дайындаған бейнеролик көрсетіліп, кітапхана қызметкері Бердіходжаева Жансия «Ұлтжанды тұлға» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.