«ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ – ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ» АТТЫ ТАРИХИ КАЛЕЙДОСКОП ӨТТІ
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы № 10 орта мектебінің кітапханасымен бірлесе Темірбек Жүргеновтың туғанына 125 жыл толуына орай «Темірбек Жүргенов – қазақ руханиятының жарық жұлдызы» атты тарихи калейдоскоп өтті. Іс-шарада оқушылар Темірбек Жүргеновке арнайы дайындаған арнау өлеңдерімен естеліктерін айтты. Сондай-ақ 4 сынып оқушысы Ақылбек Айару «Еркіндігімнің айғағы» әнін орындап, көрермен қошеметіне бөленсе, ал Садық Нұрасыл «Адай» күйін тарту етті.
Сонымен қатар, мемлекет қайраткері жайлы дайындаған бейнеролик көрсетіліп, кітапхана қызметкері Бердіходжаева Жансия «Ұлтжанды тұлға» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.