ҚАЗАҚТЫҢ КӨРНЕКТІ ҚАЛАМГЕРІ ЕСКЕ АЛУ САҒАТЫ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен С.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебінде қазақтың дара сатира шебері, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, сатирик Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл толуына орай «Қазақтың көрнекті қаламгері» еске алу сағаты өтті.

​Іс-шара барысында «Сыр өңірінің тұлғасы Асқар Тоқмағамбетов» бейнебаяны ұсынылып, «Сатираға саяхат» тапсырмасы беріліп, топтық жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ оқушылар ақынның жырлары мен өміршең өлеңдерін жатқа оқып, қырғи тілді сатирик жайында сұрақтар беріліп, тұщымды жауаптар алынды.

​Шара соңында арнайы кітапханаға келіп түскен әдебиеттерден «Қазақ поэзиясының хантәңірі» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.