ҚАЗАҚТЫҢ КӨРНЕКТІ ҚАЛАМГЕРІ ЕСКЕ АЛУ САҒАТЫ
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен С.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебінде қазақтың дара сатира шебері, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, сатирик Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл толуына орай «Қазақтың көрнекті қаламгері» еске алу сағаты өтті.
Іс-шара барысында «Сыр өңірінің тұлғасы Асқар Тоқмағамбетов» бейнебаяны ұсынылып, «Сатираға саяхат» тапсырмасы беріліп, топтық жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ оқушылар ақынның жырлары мен өміршең өлеңдерін жатқа оқып, қырғи тілді сатирик жайында сұрақтар беріліп, тұщымды жауаптар алынды.
Шара соңында арнайы кітапханаға келіп түскен әдебиеттерден «Қазақ поэзиясының хантәңірі» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

