«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!»

 «KENES TIME» жобасы аясында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Тараз қалалық ПБ 1-ПБ ЖПҚб ЮПТ аға УПИ полиция майоры, аға УПИ полиция капитанымен және Тараз қалалық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік қызмет көрсету орталығы КММ-нің заңгер және психолог мамандарымен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» тақырыбында кездесу ұйымдастырып, бүгінгі күнде қоғамның дертіне айналған зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын жүргізу туралы ауқымды мәселе қозғады.
Кездесу барысында балалардың, жас өспірімдердің жарқын болашаққа табан тіреуі үшін бірлесе жұмылып жұмыс жасау көзделіп, тікелей отбасылық тәрбиеден бастау алатыны талқыланды.