“Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!”

 “KENES TIME” жобасы аясында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Тараз қалалық ПБ 1-ПБ ЖПҚб ЮПТ аға УПИ полиция майоры, аға УПИ полиция капитанымен және Тараз қалалық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік қызмет көрсету орталығы КММ-нің заңгер және психолог мамандарымен “Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!” тақырыбында кездесу ұйымдастырып, бүгінгі күнде қоғамның дертіне айналған зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын жүргізу туралы ауқымды мәселе қозғады.
Кездесу барысында балалардың, жас өспірімдердің жарқын болашаққа табан тіреуі үшін бірлесе жұмылып жұмыс жасау көзделіп, тікелей отбасылық тәрбиеден бастау алатыны талқыланды.