ABOUT LIBRARY

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының маңыздылығы

 ХХІ ғасыр ақпараттық кезең болғандықтан, кітапхана ақпарат орталығы ретінде өз оқырмандарының кез-келген сұраныстарына төтеп бере алуы тиіс.  Аталмыш бағытты дамытуда арнайы кітапханалардың атқарар рөлі ерекше. Арнайы кітапхана мүмкіндігі шектеулі адамдардың  бос уақытын өткізу және көз нұрынан айырылған адамдарға тек қана өмір әйнегі, білім бұлағы емес қарым – қатынас орталығы.

Жамбыл облысы бойынша көз мүгедектері 1212 адам болса, қалада – 615 адам, 597 ауданда, облыстык арнайы  кітапханаға 484 көз мүгедектері тіркелген, оның І топ көз мүгедегі  – 180, ІІ топ көз мүгедегі – 136, ІІІ топ көз мүгедегі – 33 болса, соқыр және нашар балаларға арналған «Болашақ» мектеп – интернатынан – 67.

Кітапханада жылына 2192 оқырман қабылдап, кітап берілімі-35817, мемлекеттік тілдегісі – 22074, келім саны – 26336 және 65-ке жуық мәдени іс-шаралар өткізеді.

                Кітапхана қызметінің басым бағыттары мен міндеттері:

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде кітапхана қызметін дамыту, пайдаланушыларға ақпараттық білім беру, өзін-өзі тәрбиелеу, жеке тұлғаны қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту процесінде көмек көрсету;

Оқуды қолдау мен дамытудың ұлттық бағдарламасын іске асыруға байланысты халық арасында оқуды ілгерілету;

Оқырмандардың өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру, тәрбиелеу, өлкетану білімін тарату, патриоттық сезімдерін қалыптастыру;

Әр түрлі жеке және бұқаралық жұмыс түрлерін қолдана отырып, кітапхана қорларын жан-жақты  насихаттауды жүзеге асыру;

Аудан кітапханаларындағы зағип оқырмандар бөліміне  әдістемелік көмек көрсету, талдау және өңдеу, аудан кітапханаларының инновациялық дамуын қамтамасыз ету;

Кітапхананың заманауи бейнесін қалыптастыру,  қарым-қатынас жасау,  ақпараттық мәдениетті дамыту, сондай-ақ көру қабілеті нашар адамдарға арналған жеке тұлғаның рухани және мәдени дамуы үшін қолайлы кеңістік құру;

Жұмыс тәжірибесіне кітапханалық қызметтердің ең қызықты түрлерін енгізу мақсатында басқа кітапханалардың жұмыс тәжірибесін зерделеу;

Қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру.

Кітапхана сайты, әлеуметтік желі,  БАҚ арқылы кітапхананың қызметі мен мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру.

Зағип оқырмандарға арналған республикалық кітапханалармен ынтымақтастықты жалғастыру, көру қабілеті нашар оқырмандарға арнайы Брайль әдебиеттер мен  аудио және баспа кітаптарын ұсыну;

Облыстық зағиптар қоғамы басқармасымен, Қазақ зағиптар қоғамының Оқу өндірістік бірлестігінің әкімшілігімен іскерлік және шығармашылық қатынасты нығайту;

Кітапханаға мүмкіндігі шектеулі оқырман – студенттерді тарту бойынша жұмыс жүргізу, оқырмандардың сұраныстарына сәйкес қызмет көрсетуді ұйымдастыра отырып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметкерлеріне, әртүрлі құрылымдардың мамандарына, кәсіпкерлерге, білім беру қызметкерлеріне, жастарға қызмет көрсетуге ерекше назар аудару;

Кітапханалардың ақпараттық-мәдени орталық ретінде өз Отанын сүйетін, өз құқықтары мен міндеттерін білетін, қоғамдағы экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайды талдай және бағалай білетін азаматты тәрбиелеуге бағытталған жұмыс түрлерін үйлестіру,  жылдың басты атаулы күндері мен  мерейтойларын  үнемі насихаттау;

Кітап қорын   талапқа сай толықтыру,  материалдық-техникалық базаны нығайту;

Зағип оқырмандардың интеллектуалдық, әлеуметтік және рухани дамуына ықпал ететін  ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз  ету және ақпараттық ортаны қалыптастыру, зағип жандарға компьютер үйрету жұмыстарын жалғастыру;

Кітапхана қызметкерлері зағип және көзі нашар көретін пайдаланушыларға дифференцияланған қызмет көрсету үшін  жағдай  жасап отыр. Олар үшін әр түрлі кітап көрмелері,  бедерлі-нүктелі қаріп түріндегі кітаптарды насихаттау мақсатында әр алуан үрдісті іс-шаралар ұйымдастырады. Көру қабілетінен айрылған мүгедектердің газет-журналдардан және көру қабілетіне ие тұтынушыларға арналған басқа да мәлімет көздерінен ақпарат алуы аса қиын екендігі ескеріліп, кітапхана жаңа заманауи тифлокешенді жабдықтармен жасақталған.

Тифлокешенді компьютер жиынтығы мен Брайль принтері 4Х4 PRO, ДБТ Win 10. SU1- системасы «DUXBARRY»  (алты нүктелі Л.Брайль) арнайы бағдарламалары алынып, Брайль алты нүктесі бойынша кітап шығаруға қол жеткізіп, Брайль қарпімен түрлі басылымдар шығару мүмкін болып отыр. Осы құрылғыны қолдану арқылы қазақстандық авторлардың көркем шығармалары, жергілікті ақын-жазушылардың мерейтойларына байланысты кітаптары, әдістемелік құралдар Брайль қарпінде шығарылып, зағип оқырмандарға ұсынылып,  аудандық кітапхананың зағиптарға қызмет көрсету бөлімдеріне таратылады. 2014 жылдан бері Брайль алты нүктесі бойынша 1155 дана кітап жарыққа шықты.

Көз мүгедектеріне арнайы қызмет көрсетуде  SARA CE (камералы нұсқасы) оқу машинасы бар. Бұл құрылғы кітап және баспа материалдарын сканерлеуге арналған, сонымен қатар орыс, ағылшын және қазақ  тілдедерде дыбыстау қызметі де қатар жүреді. Оқу машинасымен жұмыс істеу өте қарапайым. Жаңа құрылғыны зағип адамдар мен көзі нашар көретіндер пайдалануда, өйткені SARA CE мәтінді дауыстап оқып қана қоймай, әріптің мөлшерін көзі нашар көретін адамға ыңғайлы мөлшерге дейін үлкейтеді. Бұл құрал-жабдықтарды әрбір тұтынушы қолдануға құқылы, (дискет, CD-дискі) көшіреді және мәтінді үлкен шрифтімен Брайль принтерінде көшірте алады.

Тактилді графикалық құрылғы «PIAF» арқылы  әртүрлі тақырыптағы бедерлі-графикалық әдістемелер де шығарылып ұсынылды. «Ерекше балаларға ерекше кітаптар» жобасы аясында бүлдіршіндерге арналған тактильді кітапдарды тоқсан сайын жасап шығарады.

Кітапханада оқырмандарға көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру, кітапті тез табу үшін арнайы кітапханаларға арналған «ҚР АК АЖА» бағдарламасы орнатылған. Қажетті құжаттарды іздеу үшін көмекке анықтамалық – ізденіс ақпараты толтырылады, дәстүрлі карточкалық каталогтар және картотекалардан құралып, 2 түрлі бедерлі – нүктелі және жалпақ баспалы қаріптер арқылы дайындалған. Кітапхананың кітап қоры (АССБРК) арнайы кітапханаларға арналған бағдарламаға түгелдей салынып, жұмыс жасайды.

Кітапханаға келе алмайтын зағип оқырмандарды кітапханаға тарту үшін «Үйге апарып беру» қызметін ұйымдастырылады.  Жауапты кітапханашы айына  екі рет барып оқырмандар сұранысы бойынша  бедерлі-нүктелі, электронды және дыбыстандырылған әдебиеттерді жеткізіп,  кітаптарды  алмастырып отырады.

Тифлология бөлімінің ішінен Брайль жүйесі бойынша оқу және жазуға үйрететін «Брайлист» үйірмесі, зағип және нашар көретін пайдаланушыларға «Зағип және компьютер»  үйірмесінде компьютерлік курс сабақтары жүргізіледі. Зағиптар және нашар көретін адамдар үшін компьютерлік сауаттылық сабақтары күнсайын, жеке-дара өткізіледі. Оқыту курсы – 20 сабақтардан тұрады. Оқыту тифлокешені және JAWS бағдарламасының және механикалық алты нүктені жазатын жазу машикасының көмегімен өтеді. Жүргізілген сабақтары бойынша жыл соңында түрлі байқаулар өткізіледі.

2020 жылы «Логос» онлайн кітапханасы арқылы да қызмет көрсету басталды. Логос онлайн кітапханасынан арнайы кітапханаға  тіркелу арқылы 57  оқырман әлем кітаптарын оқу мүмкіндігіне ие болып отыр.

2021 жылы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш өткізіп, Облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған «Жырлайды жүрек»  атты мәдениет қызметкерлері арасындағы ән-жыр байқауының бас жүлдесін кітапхана қызметкері Құрақбаева Гүлнұр иеленді.

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ақпан айының 1 мен 25 аралығында оқырмандар арасында Ж.Жабаевтың шығармаларын насихаттау, табиғи дарындарын анықтау, олардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, ауыз әдебиетінің рөлін, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету мақсатында «Жыр алыбы-Жамбыл» атты Жамбыл оқуларын өткізді.

Түркістандық ақын Салтанат Мадиярқызымен «Берешегім бар әлі келешекке» атты кездесу кеші, 8 наурыз –  Халықаралық әйелдер күніне орай  Сарымолдаев балалар үйінен бір отбасы бас тартып, тастап кеткен 5 бірдей бүлдіршінді бауырына басқан, бүгінде  9 баланың ардақты анасы Бақтаева Гүлсарамен «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты  мерекелік жүрек жарды кешін, Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай  «Сарымолдаев балалар үйіне» қайырымдылық шарасын,  «Болашақ» мектеп интернатының зағип оқушыларына арнайы дастархан жайылып, түрлі тәттілер қойылып, сыйлықтар беріп,  «Әз-Наурыз – жаңару мен жаңғырудың бастауы» атты этно-думан мәдениет басқармасына қарасты мекеме қызметкерлері мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтіп, Ташкент асханасында  карантин талаптарын сақтай отырып, 80 зағип оқырманға наурыз көже берілді.

«Jambyl-Taraz» -бас редакторы, Эльмира Мырза-Ғалимен «Әлемді құтқаратын қуат – әйелдің мейірімі» атты онлайн сұхбат, Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртісі  Жанар Үстеміровамен «Ұлы дала әуендері» атты онлайн ән кеші, ақын Серік Томановтың туғанына 65 жыл толуына орай ақынның жары Бибігүл Оразбаевамен «Соғады сен деп жүрегім» атты онлайн сұхбат өтті.

Сондай-ақ, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Жамбыл облысынан шыққан  сатирик Толымбек Әлімбекұлы мен ақын Маралтай Райымбекұлымен онлайн кеш, «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына -30 кітап» акциясына шығармасы енген ақын-жазушы Тоқтарәлі Таңжарықпен «Екеуіміз сүйетін бұл өмір» атты поэзия кеші өтті.

Сонымен бірге, шет ел мемлекеттері мен республикалық, облыстық кітапханалармен әлеуметтік байланысты нығайтып, тәжірибе алмасуда.

Мәселен,  Челябі  мемлекеттік мәдениет институтының кітапхана және ақпараттық қызметі кафдрасы мен  Беларусь мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің «Жас ғалымдар Кеңесімен» бірге «Қазіргі кітапхана» ашық онлайн дәрістер цикліне қатысты.

2021 жылдың негізгі жоспарына сәйкес  арнайы кітапхана бірнеше ірі жобаларды қолға алуда: Мәселен. Зағип және көру қабілеті нашар оқырмандардың сұраныстарына қол жеткізу, кітапханааның электрондық қорын құру және зағип және нашар көретін балалар мен жасөспірімдерге  мүмкндігіне қарастыру мақсатында дыбыс жазу студиясын ашу.

Сонымен бірге,  зағип оқырмандарға көркем киноларды жеткізу мақсатында Тифлокино жұмысын бастау.

Сонымен бірге,  Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында республикалық зағип және нашар көретін кітапханалардың қатысуымен қазан айында «Алаш әдебиеті – тәуелсіз ұлт руханиятының негізі» республикалық байқау өткізеді.

Нәтижесінде, кітапхананың кітап қоры Брайль қарпіндегі тәуелсіздік жылдары жарыққа шыққан әдебиеттермен, оның ішінде балалар әдебиетімен толығады.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс тұрғындары арасында отбасылық оқуды насихаттау, кітап оқудың маңызын арттыру мақсатында қараша айында «Өзің оқы, өзгені шақыр» кітап оқу байқауы өтеді.

 

 

Кітапхана директоры                                                       Ж.Алшинбаева