PROJECTS

«ТИФЛОМУЗЕЙ» жобасы

Жобаның өзектілігі: Көру мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамға бейімдеуге,  облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурссия жасау барысында бейнелеу өнері мұражайларының көрмелерін, тұрақты экспозицияларын және тарихи жәдігерлерін қолымен ұстап, сипап сезінуге, ой-өрісін дамытуға бағытталған жоба.

Жобаның мақсаты.

  • – Көру қабілеті нашар және әлсіз көретін азаматтарға тарихи құнды жәдігерлеріміз сақталған облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметін, ондағы экспонаттар мен жәдігерлерін кеңінен насихаттау;
  • – Тарихи-мәдени жәдігерлерді сақтай отыра, өткен мен келешекті байланыстырып тақырыптық экскурсия жүргізу;
  • – Халқымыздың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін таныту;
  • – Мұражай құндылықтарын сақтау, тарихи жәдігерлердің түрлері мен тарихын таныту;
  • – Танымдық белсенділіктерін, ойлау қабілеттерін дамыту;
  • – Экскурсия жобаға барлық санаттағы көру қабілеті нашар азаматтарды қатыстыру;
  • – Әрбір құнды заттарды қолмен ұстап, сипап сезінуге мүмкіндік алу;
  • – Жобаның міндеттері туралы, «ТифлоМузей» жобасының нәтижелері туралы БАҚ-та және Интернет желісінде хабардар ету.

2.1. Жобаның міндеттері.

  • – Кітапхана мен оқырмандар арасындағы байланысты дамыту;
  • – Рухани көне жәдігерлерге қызығушылықтарын ояту;
  • – Өлкеміздің археология саласындағы көне бұйымдарын насихаттау арқылы патриоттыққа баулу;
  • – Заманауи қоғамда мүмкінділігі шектеулі жандардың әлеуметтік ортаға бейімделуімен қатар өздерін дамыту;
  • – «Көркемсурет галереясы» жасаған қаламгерлердің жеткен жетістіктері арқылы ерекше балаларға көптеген мағлұматтар алумен қатар мәдениетті қалыптастыру;
  • – Мұражай құндылығы ешқашан жоғалмайтын рухани құнды мәдениет  екенін ұғындыру;
  • – Өз ой-пікірлерін айтуға, ойларын ашық айтуға жетік жеткізе білуге көмектесу;
  • – «ТифлоМузей» жобасы аясында жүргізілетін іс-шарада (экскурсия) оқырмандардың қауіпсіздігін сақтау;
  • – Жобаны жүзеге асыруда зағип оқырмандарға жаңалықтардан тыс қалдырмай, рухани және зияткерлік тәжірибелері тұрғысынан ақыл-кеңес беру.

 Жобаның  бағыттары мен атқарылатын жұмыстары:

  • – «Қазақ соқырлар қоғамы» мен «Болашақ» мектеп-интернатының жоғары сынып оқушыларымен бірлесе жұмыс жасау;
  • – тарихи-мәдени құндылықтарды дәріптеу;
  • – патриоттық және мәдени-рухани тәрбиелеу;
  • – жоспарланып өткізілетін іс-шараны (ТифлоМузей жобасы) айына 1 рет жүргізу;
  • – Жоспарланып өткізілетін іс-шаралардың нәтижелерін мәліметтерден тұратын ақпараттарды әлеуметтік желілерге шығару (соның ішінде кітапхана сайтына);
  • – Тарихи-өлкетану мұражай орталғында белгілі бір тақырыпта тағылымдық сағат арқылы шолу, экскурсия жасау, жаңашыл шараларды ұйымдастыру және мұражайға оқырман тарту;
  • – Мұражай мен кітапхана оқырмандарын жоба арқылы қоғамда еркін ойлауына, ой-өрісін дамытуға ықпал-ету;
  • – Іс-шаралардың нәтижелерін мәліметтерден тұратын ақпараттарды әлеуметтік желілерге шығару (соның ішінде кітапхана сайтына).

Күтілетін нәтиже:

  • – Облыстық тарихи өлкетану мұражайынан бұрыш ашылады;
  • – тарихи-өлкетану музейінде орналасқан арнайы бұрыштағы қазақтың тарихи құндылықтарын, көне жәдігерлерін, әрбір құнды заттарын қолмен ұстап, сипап сезінулеріне мүмкіндік туады;
  • – Кітап қорындағы тарих, география, археология саласындағы әдебиеттер насихатталады;
  • – музейлердегі тарихи жәдігерлерді өздігінен танып, білуге үйренеді.

________________________________________________________________________________________________

«ТИФЛОАСХАНА» жобасы

  1. Жобаның өзектілігі:

Мүмкіндігі шектеулі жандар бізбен бірге бір қоғамда өмір сүруде. Бірақ оларды белсенді ортадан сирек көретініміз рас. Олардың өзгелер секілді өмір сүруі, жұмыс істеуі және ас үйге уақыт бөліп жүруі қаншалықты қиын екені айтпаса да түсінікті. Осы орайда «Тiflo-асхана» жобасы көру қабілеті әлсіз және зағип азаматтарды ас үйге бейімдеуге, ас дайындауда қауіпсіздік ережелерін сақтап, көруді бақыламай-ақ түрлі тағам түрлерін жасауды үйретуге мүмкіндік туғызады.

  1. Жобаның мақсаты:
  • – көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарды әлеуметтік кедергісіз ортаға бейімдеу;
  • – ас үйге ыңғайлы ыдыс-аяқ пен құрылғыларды таңдауда кеңес беру;
  • – өздігінен пеште тағамды қуыру және пісіру әдісін көрсету;
  • – асты көруді бақыламай-ақ дайындау;
  • – дыбыс бойынша түрлі тұрмыстық аспаптарды анықтау;
  • – өз бетінше сапалы азық-түлік сатып алуға бейімдеу;
  • – асхана құралдарын қауіпсіздік шараларын қолданып, сипап сезу арқылы таныту;
  • – асханада тағам әзірлеу барысында еркін әңгіме өрбіту;
  • – зағип жандардың мотивациялық ойын білдіруге мүмкіндік туғызу;
  • – кітапхана қорында бар аспаздық тақырыптағы кітаптарды насихаттау.
  1. Жобаның міндеті:
  • – көру қабілеті әлсіз және нашар көретін азаматтардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру;
  • – ас үйде тағам дайындау құралдарын дұрыс пайдалану ережелерін ұғындыру;
  • – асханада қауіпсіздік сақтау жолдары мен жүріс-тұрыс ережелерімен таныстыру;
  • – үй шаруашылығын өз бетінше жүргізе алуын жүзеге асыру;
  • – Тараз қаласы мен Жамбыл облысындағы зағип азаматтарға әлеуметтік қызмет ретінде «Тiflo-асхана» жобасының жұмысын дамыту;
  • – өздігімен тағам дайындау қызығушылықтарын арттыру;
  • – жеміс-жидектердің, көкөністердің түрлері мен пайдасын түсіндіру;
  • – практикалық сипатқа ие жобаға 12 жастан жоғары, көру қабілеті нашар азаматтарды қатыстыру;
  • – «Тiflo-асхана» жобасы аясында жүргізілетін іс-шарада, ас үйде жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау;
  • – жобаның мақсаттары мен міндеттері туралы, «Тiflo-асхана» жобасының нәтижелері туралы БАҚ-та және Интернет желісінде хабардар ету.
  1. Жобаның бағыттары мен атқарылатын жұмыстары:
  • – «Қазақ соқырлар қоғамы» мен «Болашақ» мектеп-интернатының жоғары сынып оқушыларымен бірлесе жұмыс жасау;
  • – тақырыптық әңгімелесулерді талқылау, ұйымдастыру;
  • – жоспарланып өткізілетін кәсіптік іс-шараны (Тiflo-асхана) айына 2 рет жүргізу;
  • – іс-шаралардың нәтижелерін мәліметтерден тұратын ақпараттарды әлеуметтік желілерге шығару (соның ішінде кітапхана сайтына).

4.1. «Тiflo-асхана» жобасы – «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мен «Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы» бастамасымен  іске асады.

4.2.Жоба бойынша өткізілетін іс-шаралардың әлеуметтік-ақпараттық насихатталуын Тараз қаласы, С.Аққозиев көшесі, 5, мекен-жайында орналасқан «Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және  және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы» жүзеге асырып, «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» және мүдделі демеушілер қаржылық қолдау көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:

  • – көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарды кедергісіз әлеуметтік ортаға бейімдеу;
  • – кәсіптік білім берудегі тағамтану саласындағы кітаптарға қызығушылығын ояту;
  • – түрлі тағам түрлерін өздігінен дайындауға үйрету;
  • – ас үйде тағам дайындауда қауіпсіздік ережелерін сақтау;
  • – еңбекке қабілеттілігін арттыру.

________________________________________________________________________________________________

«ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ» жобасы

Жобаның өзектілігі:  Қазіргі таңда технология мен ғаламтор желісі дамып өркендеп тұрған кез. Қаншалықты пайдасы көп болсада таяқтың екінші ұшы жастардың рухани дамуына соншалықты зиянын тигізіп отырғаны өтірік емес. Жастардың кітапханадан ақпарат іздеуі, немесе кітапқа қызығушылық  білдіруі бәсеңдеп кетті. Осы ретте білімгерлер үй тапсырмаларын ғаламтордан іздеп, кейде сұрақтарына жауап таппай жатады. Осыған орай үйге берілген тапсырмаларын орындау үшін пайдалы ақпараттарды кітаптан іздеуге баулу.

Ерекше қажеттілігі бар балаларды оқытудағы жалпы білім берумен қатар түпкілікті мақсат – әлеуметтендіру және өзін-өзі іске асыруы, тез өзгеретін әлемде өмір сүруге үйрету, өмір бойы оқу. Алайда, зағип балаларда қоршаған ортаны тануға негізделген қызмет жасайтын есту және сезу рецепторы сақталады. Естуді еріксіз пайдаланатын зағип балалар айналасындағы адамдармен қарым-қатынас барысында ауызша 21 байланыстырып сөйлеуді үйренеді. Сөйлеу арқылы олар ақиқат шындығы, адамдардың іс-әрекеті мен амалы т.б. туралы ақпарат алады. Сондықтан сөздік қорын дамыту үшін кітапты пайдалануға бейімдеу.

Жобаның мақсаты:

  • – Кітапхана мен жас оқырмандар арасындағы байланысты дамыту;
  • – Мүмкіндігі шектеулі жандарға жоғарғы оқу орнындағы үйге берілген тапсырмаларын бірге орындау барысында білімгерлерге көмектесу;
  • – Мүмкіндігі шектеулі білімгердің ойлау қабілетін дамыту;
  • – Өз ой – пікірлерін айтуға,ойларын жетік,  ашық жеткізе білуге көмектесу;
  • – Кітапхананың кітап қорындағы қызықты кітаптар мен кітап оқуға қызығушылығын арттыру;
  • – Дыбыстандырылған әдебиеттерді насихаттау;
  • – Кітап оқуға және пайдалы ақпараттарды кітаптан іздеуге баулу;
  • – Кітап өз құндылығын ешқашан жоғалтпайтын құнды дүние екенін ұғындыру;
  • – Жас оқырмандарға рухани білімнің дамуына ықпал жасау;
  • – Пайдалы ақпараттарды кітаптан іздеуге баулу.

Жобаның міндеттері

  • – Мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмау;
  • – Зағип және мүмкіндігі шектеулі білімгерлерге барынша қолдау көрсетіп, қоғамдық ортаға баулу;
  • – «Үй тапсырмасы» жобасының мақсаттары, міндеттері мен нәтижелері туралы әлеуметтік желіге сала отырып, оқырмандарға хабарлау;
  • – Зағип білімгерлерге «Үй тапсырмаларын» дауыстап оқып беру арқылы оларға көмектесу;
  • – Білімгерлерге кітапханадағы керекті әдебиеттерін тауып беру арқылы оларға әдебиеттерді насихаттау;
  • – Мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға көптеген пайдалы ақпараттарды беріп, насихаттай отырып оларды кітапханаға тарту;
  • – Мүмкіндігі шектеулі оқырмандармен жұмыс жасай отырып, зағип жандардың әлеуметтік бейімделуі мен олардың тұлғалық үйлесімде дамып өсуіне атсалысу;
  • – «Үй тапсырмасы» жобасы арқылы мүмкіндігі шектеулі оқырмандардың өмірге деген құштарлығын оятып, олардың ешкімнен кем емес екендігін санасына жеткізу;
  • – «Үй тапсырмасы» жобасы арқылы  білімгерлерге кітапханамызға жаңа келіп түскен әдебиеттерді насихаттай отырып, оларға әдебиеттерді алып оқуына ықпал ету;
  • – Оқырмандарға олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы  сөйлеу мәдениетін арттыру.

Жобаның бағыттары мен атқарылатын жұмыстары

  • – «Қазақ соқырлар қоғамы» мүшелері мен студенттері арасында мүмкіндігі шектеулі оқырмандар арасындағы білімгерлермен бірлесе отырып жұмыс жасау;
  • – Жобаны жүзеге асыру барысында мүмкіндігі шектеулі білімгерлерге тәжірибелік ақыл- кеңес беру;
  • – Жаңа форматта өткізілетін іс-шараларды өткізу арқылы кітапханамызға оқырмандарды тарту;
  • – Жоспарланып өткізілетін іс-шараны «үй тапсырмасын» 3 айда 1 рет жүргізу;
  • – Іс-шаралардың ақпараттық мәліметтерден тұратын нәтижелерін әлеуметтік желіге шығару. (Соның ішінде кітапхана сайытына);
  • – Мүмкіндігі шектеулі жандардың кітапхананың  ережеге сай  бағыну;
  • – «Үй тапсырмасы» жобасы арқылы  білімгерлерге кітапханамызға жаңа келіп түскен әдебиеттерді насихаттау;
  • – Оларға дыбыстандырылған әдебиеттерді алып оқуына ықпал жасау.

Күтілетін нәтиже;

  • – Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіледі;
  • – Зағип жандарға дауыстап оқып беру арқылы олардың білімдерін арттырады.;
  • – «Үй тапсырмасы» жобасы арқылы олардың ой-өрісін дамиды және білімдері артады;
  • – Кітапханашылар мен оқырмандар арасында тығыз байланыс артады;
  • – Әр білімгерлердің үйге берілген тапсырмаларына немқұрайлы қарамауы қадағаланады;
  • – «Үй тапсырмасы» жобасына қатысқан білімгерлердің өздеріне керек ақпараттарына жедел қол жеткізе алады;
  • – Кітапхана тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарға ұйымдастырылатын көптеген жобаларға қызығушылықтарын арттыру;
  • – Келген білімгерлердің қауіпсіздігін сақтау;
  • – Әр берілген тапсырманың нәтижесінде ізденімпаздық қабілеттері оянады;
  • – Жоба арқылы оқырмандардың қоғамда еркін ойлауға, көркем тілде сөйлеуге , ой-өрісін дамытуды жүзеге асады;
  • – Жоба баланың әлеуетті мүмкіндіктерін ғылыми ой-санасын, әлеуметтік өзін-өзі анықтау мүмкіндігін дамытады, көруі бойынша мүгедектердің жұмысқа орналасуы мен түрлі еңбек іс-әрекетін үйренуін кәсіби оқуын, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастырады.

________________________________________________________________________________________________

«ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАЙЫҚ!» жобасы

  1. Жоба тақырыбы:

1.1.«Қауіпсіздікті сақтайық!» – «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мен «Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы» мүмкіндігі шектеулі жандарды қауіп төнген жағдайда жылдам әрекет етуге, төтенше жағдайда кезінде өзін-өзі дұрыс ұстауды, қандай мекемеге дереу хабар беру керек екендігін үйретуге бағытталған жоба.

1.2. Жоба бойынша өткізілетін іс-шаралардың әлеуметтік-ақпараттық насихатталуын Тараз қаласы, С.Аққозиев көшесі №5 үйдің мекен-жайында орналасқан «Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және  және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы» жүзеге асырып, «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» және мүдделі демеушілер қаржылық қолдау көрсетеді.

  1. Жобаның мақсаты мен міндеттері:

2.1. Жобаның негізгі мақсаты – көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарды, төтенше жағдайларда іс-қимылдарын ұйымдастырудағы білімді, үгіт насихаттауды күшейту, болуы ықтимал апат оқиғаларында өздеріне, төңіректегілерге жәрдем көрсетуге үйретудің қарапайым жолдарын меңгерту. Өрттен, жер сілкінісі, зардап шегушілерге қамқорлық жасап, әдепті болу, жедел жәрдем келгенге дейін зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсету. Топпен жұмыстануға дағдыларын дамыту.

2.2. Жоба келесі міндеттерді орындау арқылы қол жеткізіледі:

  • – «Қауіп пен сақтық»;
  • – «Өрт болған жағдайда өзін-өзі ұстау ережесі»;
  • – «Жер сілкінісі кенеттен пайда болғанда не істеу керек?»;
  • – «Қар көшкіні кезінде өзін-өзі құтқару жолдары»;
  • – «Балалардың өмір қауіпсіздігі!»;
  • – «Көшеде жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережелері»;
  • – «Қауіпсіздіктің қарапайым ережелері»;
  • – «Үйден өрт шыққан жағдайда».

________________________________________________________________________________________________

«КІТАПХАНА ТV» жобасы

  1. Жобаның өзектілігі: Бүгінде әлемдік дәуір технологиясының өркендеп тұрған заманы. Жаңа ғасырдың жетістігі көп болса да, рухани әлсіреткен тұстары да аз емес. Кітапқа деген қызығушылық бәсеңдеу. Кітап дегеніміз – өткен замандарда өмір сүрген адамдардың келер ұрпақпен тілдесу, сырласу құралы іспеттес. Қазір кітап оқудың заманауи үлгісі қалыптасқан. Құлаққап арқылы аудионұсқаларды тыңдайтындар саны көбірек. Көру қабілеті бұзылған оқырмандар үшін де кітапсүйер жандардың әдебиеттерімен бөліскен ой – пікірлерін тыңдаған да қолайлы. Осыған орай «Кітапхана ТV» жобасы арқылы оқырмандарды кітап оқуға тарту, кітапты көп оқитын орта қалыптастыру, оқырмандардың назарын кітапқа аудару басты назарда.

1.1 Жобаны жүзеге асыру орны: Жоба бойынша өткізілетін іс-шаралардың әлеуметтік-ақпараттық насихатталуын Тараз қаласы, С.Аққозиев көшесі, 5, мекен-жайында орналасқан «Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және  және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы» жүзеге асырады.

  1. Жобаның мақсаты
  • –  Кітапхана мен оқырмандар арасындағы байланысты дамыту;
  • – Қазақ әдебиеті мен әлем классикалық әдебиетін насихаттау;
  • – Рухани және интеллектуалдық дамытудың негізгі көзі ретінде кітапқа деген қызығушылықты ояту;
  • – Өлке тұлғаларын насихаттау арқылы патриотизмге баулу;
  • – Өз ой-пікірлерін айтуға, ойларын жетік, ашық жеткізе білуге көмектесу;
  • – Кітап  оқу  мәдениетін  қалыптастыру;
  • – Заманауи қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік бейімделуі мен олардың тұлғалық үйлесімде дамып өсуіне ат салысу;
  • – Кітапхананы оқырмандар үшін мейірімді, рухани, ақпараттық,  танымдық орталық ету;
  • – Кітап өз құндылығын ешқашан жоғалтпайтын құнды дүние екенін ұғындыру.

    2.1 Жобаның міндеттері

  • – Көркем әдебиетті көптен оқитын кітапхананың оқырмандарының беделін көпшілік алдында көтеріп, марапаттау арқылы басқа да азаматтарға үлгі ету;
  • – Кітап оқып, табысты болған оқырмандардың өмірдегі әсерін, пайдасын таразылап, кітапты насихаттау тәсілін кеңейте түсу;
  • – Кітап пен білімнің жетістікке апарар жолымен таныстыру;
  • – Кітап әрбір қазақстандықтың рухани өміріндегі маңызды факторы екенін түсіндіру;
  • – Кітапхана мен оқырманды, оқырман мен белгілі кітап сүйер қауым арасын жақындастыру;
  • – Еркін форматта өтетін кітап арқылы әр салада түрлі жетістіктерге жеткен кәсіпкерлермен еркін пікір алмасуға мүмкіндік туғызу;
  • – Кітапты насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін пайдалану;
  • – Жобаны жүзеге асыру барысында оқырмандарға рухани және зияткерлік тәжірибелері тұрғысында ақыл-кеңес беру.

2.2. Жобаның  бағыттары мен атқарылатын жұмыстары:

  • – «Қазақ соқырлар қоғамы» мен бірге жұмыстар атқару;
  • – «Болашақ» мектеп-интернатының оқушыларымен бірлесе жұмыс жасау;
  • – Еркін форматта өткізілетін жаңашылшараларды ұйымдастыру арқылы кітапханаға оқырмандарды тарту;
  • – Көп әдебиет оқыған тұлғаларды таныстыра отырып, көпшіліктің назарын аударуға бағытталған түрлі акциялар(афишалар, бейнероликтер) жасау;
  • – Жобаның мақсаттары мен міндеттері туралы, «Кітапхана tv» жобасының нәтижелері туралы БАҚ-та және Интернет желісінде хабардар ету;
  • – жоспарланып өткізілетін іс-шараны (Кітапхана тv) 2 айда 1 рет жүргізу;
  • – іс-шаралардың нәтижелерін мәліметтерден тұратын ақпараттарды әлеуметтік желілерге шығару (соның ішінде кітапхана сайтына).
  1. Күтілетін нәтиже:
  • – Көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарды әдеби кітаптарды оқуға қызығушылықтарын арттыру;
  • – Жергілікті кітап сүйер қаламгерлер мен кітапхананың бірлесе жұмыс істеуі;
  • – мүмкіндігі шектеулі жандардың ізденімпаздық қабілеттерін дамыту, кітап арқылы жүзеге асыру;
  • – Жоба арқылы оқырмандардың қоғамда еркін ойлауына, ой-өрісін дамытуға ықпал ету;
  • – Кітапхана мен оқырмандар арасында тығыз байланыс орнату;
  • – Әр кітаптың өз оқырманын табуға жол ашу;
  • – Мәдени -ақпараттық біліммен алмасу;
  • – Оқырмандарға кітапхана ресурстарын барынша ашу;
  • – Ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт-дәстүрін ардақтай білуде кітаптың еншісінде екенін есте  сақтау;
  • – Оқырманға шығарманың өн бойына еніп, түсіну, қабылдау қабілеттерін өздігінен игеруіне мүмкіндік туғызды.

________________________________________________________________________________________________

«БАЛАЛАРДАН БАЛАЛАРҒА» жобасы.

 Жобаның өзектілігі:  Кiтапхана – руханият ордасы. Қазiргi кезде мүмкiндiгi шектелген балаларды оқыту мен тәрбиелеу оның қажеттiлiгi мен мүмкiндiктерiн жан-жақты дамыту, ақыл-ойын жетiлдiру, оларды тәрбиелеу мемлекетiмiздiң алға қойған аса маңызды мiндетi.

Жыл санап мүмкіндігі шектеулі балаларға деген көзқарас өзгеріп келеді, яғни, орта оларды қоғамның белсенді мүшесі және өз тағдырына батыл сеніммен қарайтын жеке тұлға ретінде қабылдауда. Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың ерекшеліктерін анықтап, олардың отбасындағы қарым-қатынасын дамытып, дені сау балалармен аралас-құралас жағдай туғызу, қоғаммен жеке адамдардың түсінігінде көз мүмкіндігі шектеулі балаларға әркез жәрдем беруге әзірлік сезімін туғызуды қамтамасыз ету болып табылады.

2023 жылғы Алаштың ардақтылары, мерейтой иелері Мағжан Жұмабаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығы, жергілікті ақын-жазушыларымыз Рафаэль Ниязбековтың 80 жылдығы, Совет Әлімқұловтың 65 жылдығына орай аудиокітаптарын шығаруға дайындық жасап, Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген өлең жолдарындағыдай көзі көрмейтін балаларға мектеп оқушыларының мәнерлеп оқыған өлең шумақтарын аудиожазба ретінде кітап шығару.

      Жобаның мақсаты:

  • – Көру қабілеті бұзылған және нашар көретін оқушыларды кітап оқуға бейімдеу;
  • – Поэзияға қызығушылығын арттыру;
  • – Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
  • – Тіл байлығын дамыту;
  • – Шешендік сөз өнерін меңгерту;
  • – Мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру;
  • – Оқырмандарды кітапханаға тарту мен кітап оқуға қызығушылығын ояту.

Жобаның міндеттері:

  • – Әдебиетті терең түсінуге мүмкіндік туғызу;
  • – Көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын ояту;
  • – Жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру;
  • – Шешендік сөз өнерін қалыптастыру, дамыту;
  • – Зағип жандарды өздерін қоғамда басқалармен тең сезіндіру;
  • – Мүмкіндігі шектеулі жандардың бос уақыттарын тиімді өткізу.

Жоба  бойынша атқаратын жұмыстар:

  • – Мектеп оқушылары арасынан мәнерлеп оқитын оқушыларды іздестіру;
  • – Туындыларды мәнерлеп оқыған оқушылар арасынан іріктеу;
  • – Іріктеуден өткен оқушылардың оқыған өлеңдерін Аудиожазба студиясында таспаға түсіру;
  • – Зағип және нашар көретін оқырмандарға аудиоформатта дыбысталған материал санын көбейту;
  • – Жоспар бойынша ай сайын  дайындық жасау;
  • – Оқырмандарымыздың барлық сұранысын қанағаттандыратын дәрежеге жеткізу. 

Жоба нәтижесі:

  • – Шығармашылық белсенді, жоғары адами, дені сау, рухани өрісі бай, жоғары мәдениетті, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру;
  • – Адамның құқығы мен бостандығын, мемлекеттік рәміздер мен қазақ халқының әдет-ғұрпы мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу;
  • – Біртұтас дүниелік көзқарас қалыптастыру;
  • – Көру қабілеті бұзылған және нашар көретін балалардың танымдық белсенділіктерін арттыру;
  • – Көру қабілеті бұзылған және нашар көретін оқырмандар үшін Брайль қаріпімен жазылған кітаптармен қатар, аудиокітаптар тыңдау арқылы поэзияға деген қызығушылығы артып, кітап оқуға деген ынталары артады;
  • – Кітап қоры аудиокітаптармен толықтыру;
  • – Мектеп оқушылары мүмкіндігі шектеулі балаларға поэзия оқу арқылы қоршаған ортада өздерін еркін сезініп, сапалы білім, тағлымды тәрбие алуына мүмкіндік жасай отырып өздері де қайырымды іске ортақ жанашырлық асыл қасиеттерге ие болады;
  • – Бұл жобаның ерекшелігі балалар көркем әдебиетті оқып, аудиотаспа ретінде таспаға басып шығарады. Дайын болған аудиокітаптар «Болашақ» мектеп интернатының балаларына сыйға беріледі.

________________________________________________________________________________________________

«KENES TIME» жобасы

Жобаның өзектілігі:

1.1 Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар  кітапханасы» «KENES TIME» бастамасымен барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен «Қазақ соқырлар қоғамы», мүшелерінің қатысуымен пікір алмасып, қоғамға бейімдеуге. Өздеріне қажетті халыққа қызмет көрсетудегі анықтама, СОБЕС, заңгер, көз жанарын сақтауға офтольмолог  дәрігерінен кеңес, банк бөлімшелері мамандарынан ақпарат, жұмыспен қамту орталығына барып кеңес алуға және жеке кәсіп ашуға бағыт бағдар беретін жоба.

 Жобаның мақсаты:

2.1. Жобаның негізгі мақсаты – кітапхана оқырмандарының жеке құқықтарын білуге;

2.2 Өмірден тыс қалмай ілгерілетуге;

2.3 Бос уақыттарын тиімді пайдалануға;

2.4 Рухани жеке мәселелерімен құндылықтарын бойларына сіңіре отырып жетілдіру;

 Жобаның міндеті:

  • –  Жоба келесі міндеттерді орындау арқылы қол жеткізіледі;
  • – Елге белгілі мамандық өкілдерімен еркін пікір алмасуға мүмкіндік туғызу;
  • –  Көру қабілеті нашар көретін азаматтарға – мәдени жұмыстарды жетілдіру;
  • –  Зағип оқырмандары арасында ой-пікір алмасу;
  • –  Жеке тұлғаларды салауатты өмір салтын сақтауға насихаттау;
  • –  Баспанаға қол жеткізуді , жеке мамандарға таныстыру;
  • –  Әр салада түрлі жетістіктерге жетіп жүрген, танымал тұлғалардың өміріне арналуы;
  • –  Арнайы кітапханаға келушілер қатарын арттыру;
  • –  Танымдық белсенділіктерін, ойлау қабілеттерін дамыту.

Жобаның бағыттары мен атқарылатын жұмыстары:

  • – «Қазақ соқырлар қоғамы» барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар мүшелері мен кітапхананың тұрақты оқырмандарымен жұмыс жасау;
  • – Кітапқа және оқуға балу арқылы қоғамда бейімдеуге;
  • – Оқырмандарға қоғамға тез бейімделуге көмектесу;
  • – «Шексіз мүмкіндіктер» кәсіпкерлер мен бизнесмендер өздерінің жеткен жетістіктерімен ой бөлісу;
  • – Патриоттық және мәдени-рухани құндылықтарды дәріптеу;
  • – Жоспарланған іс-шаралардың нәтижелерін БАҚ-та интернет желісінде хабардар ету. (Соның ішінде кітапхана сайтына).

Жобаны іске асырудағы күтілетін нәтиже:

  • – Көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарды әлеуметтік ортаға бейімдеу;
  • – Зағип оқырмандар арасында қарым- қатынасты нығайту;
  • – Зағип жандарды өздерін қоғамда басқалармен тең сезіндіру;
  • – Кітапхана оқырмандарының дарындылықтарын ашу;
  • – Мүмкіндігі шектеулі жандардың бос уақыттарын тиімді өткізу;
  • – Жастарға шексіз мүмкіндіктерге мамандармен  кеңес беру;
  • – Оқырмандарға бағыт-бағдар беру;
  • – Мүмкіндігі шектеулі жандар басқа салалардағы өздеріне керекті мәліметті кітапхана қабырғасынан алу;
  • – Оқырмандардың кітапханаға тарту мен кітап оқуға қызығушылығын ояту;
  • – Жобаның мақсаттары мен міндеттері туралы, «KENES TIME»  жобасының нәтижелері туралы БАҚ-та интернет желісінде хабардар ету.

Мақсатты топ; «Қазақ Соқырлар қоғамы» ның мүшелері және «ҚСҚ»ның оқу өндірістік кәсіп орны,»АСАР» қоғамдық бірлестігінің мүшелері

Серіктестік топ:

-Қәсіпкерлер,бизнесмендер,заңгерлер,жұмыспен қамту орталығымен, көз дәрігер(офтольмолог),обл СОБЕС, жер қатынастар бөлімінің маманы.

________________________________________________________________________________________________

«izi.TRAVEL»  жобасы

Жобаның өзектілігі:  Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының  «izi.TRAVEL»  жобасы /зағип оқырмандар арасында қалалар, ескерткіштер мен мұражайларға арналған әлемдегі ең үлкен мобильді аудио гид қызметі/. Әрбір өнер туындысының немесе көрнекті орынның артында айтылмаған оқиғалар бар деп есептейміз. Сондықтан өнер, қалалар, олардың көшелері жанданып, бізді біріктіретін жоба. Ең алдымен, мәдени мұра және туризм саласындағы ұйымдарға өз оқиғаларын қызығушылық танытқан тыңдармандарға ең қарапайым және заманауи түрде жеткізуге көмектескіміз келеді. Біздің жобаның көмегімен біз мұражайлар мен қалаларға баруды қызықты және әсерлі ете аламыз деп үміттенеміз.

Жоба жетекшісі: Ақпараттық анықтамалық библиографиялық бөлім менгерушісі А. Оразқұлова.

      Жобаның мақсаты:

  • – көзі көрмейтін және әлсіз көретін жандар үшін таптырмас құрал;
  • – Зағип азаматтардың қоғамдық ортада өздерін еркін ұстауын дамыту;
  • – Зағип оқырмандар арасында қарым-қатнасты нығайту;
  • – тарихи орындарға серуендеу үшін бір адамның немесе гидтің көмегіне жүгінбей осы бағдарламаны ұялы телефонына жүктеу арқылы шыға алу;
  • – бағдарламада алдын ала тарихи кешендердің ақпаратын жазып, тиісті орынға барған кезде қажетті ақпарат толық алу;
  • – бұл көрсеткішті жыл соңына дейін аудиоформаттағы дыбысталған материал санын көбейту;
  • – Оқырмандардың кітапханаға тарту мен кітап оқуға қызығушылығын ояту.

Жобаның міндеттері:

  • – Қаланың көрікті орындарын аралау;
  • – қажетті мағлұматтарды аудиоформатта дыбысталған материал 3 тілде дайындау;
  • – қаланың ескерткіштері мен тарихи кесенелерін, мұражайларын тереңірек таныстыру;
  • – Зағип жандарды өздерін қоғамда басқалармен тең сезіндіру;
  • – Мүмкіндігі шектеулі жандардың бос уақыттарын тиімді өткізу.

Жоба  бойынша атқаратын жұмыстар:

  • – Оқырмандарды бағдарламамен таныстыру;
  • – Зағип және нашар көретін оқырмандарға аудиоформатта дыбысталған материал санын көбейту;
  • – Жоспар бойынша ай сайын  дайындық жасау;
  • – Оқырмандарымыздың барлық сұранысын қанағаттандыратын дәрежеге жеткізу.

     Жоба нәтижесі: Қызықты әңгімелер қаланың мәдениеті мен тарихын жақсырақ түсінуге көмектеседі. izi.TRAVEL қолданбасында мұражайларға да, көшеде серуендеуге де арналған аудио гидтер бар. Осылайша, мұражайға бару арқылы қаланы зерттей алады. Аудио гидтерді үйде, қонақүйде немесе мұражайда немесе кафеде тегін WiFi арқылы жүктеп алуға және оларды офлайн режимінде роуминг ақысыз пайдалана алады. GPS көмегімен көшедегі оқиғаларды автоматты түрде іске қосу офлайн режимінде де қол жеткізе алады. Мүмкіндігі шектеулі жандардың  қоғамдық  ортада өздерін еркін ұстауын, өзін-өзі дамыту мен  нығайтуға және кітапхана қорында дестелеп тұрған ескі кассета түріндегі кітаптарды магнитофонда тыңдау – өткен күннің еншісінде қалғалы қашан. Ендігі, кезекте «izi.TRAVEL»  бағдарламасы озық технологияларды пайдалана отырып, оның орнын алмастыратын болады.

________________________________________________________________________________________________

 «ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА – ЕРЕКШЕ КІТАПТАР» жобасы

Жоба өзектілігі Адамның өміріндегі 80 пайыз ақпаратты адам көз арқылы қабылдап алады. Ал осы көру функциясы бұрмалануының нәтижесінде адамның даму мүмкіндігі шектеледі.

Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселенің бірі – мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың қоршаған өмірін қабылдау ерекшеліктерін анықтау болып отыр, сонымен қатар, оларды әлеуметтік ортаға бейімдеп, өзімен қатарлы қалыпты балалардың құқығымен тең құқылы азамат етіп тәрбиелеу.

Көру қабiлетi төмен немесе мүлде көрмейтiн балалар ерекше тәрбие мен бiлiмдi, ерекше қамқорлықты қажет етедi. Көру қабіеті бұзылған және нашар көретін балаларды оқыту үшiн елiмiзде арнайы оқу құрал-жабдықтары тапшы, мүлде жоқ деуге болады.

Бiрақ балаға тек қана бiлiм алу ғана емес, сонымен қатар ерте жастан бастап толық даму үшiн қоршаған ортамен қарым-қатынас орнату және әлеуметтену қажет. Нашар көретiн және тотальды зағип балалар әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауда сипау, есту, иiс сезу арқылы қалыптасады. Сондықтан да арнайы кiтапханада көру қабiлетi шектеулі балаларды, оқушыларды кітапханаға тарта отырып танымдық iс-әрекеттерiн, бiлiмiн дамытуда, оңалтуда әлеуметтiк дәрежесiн көтеруде, олармен жұмыс жүргiзу сипаты да ерекше болуы шарт.

Көру қабілеті бұзылған бала өзінің көруі бұзылған екенін ауырсынбайды және көруі бұзылғанмын деп сезінбейді де, оны тек өмір сүруге әлеуметтік ортасы ғана солай деп санайды. Шындығында соқырлардың икемделу қабілеті көзі көретіндерден жоғары екендігі ғылыми жолмен дәлелденуде.

 Жоба мақсаты:

  • – Көру қабілеті бұзылған балаларды кітап оқуға бейімдеу;
  • – Өсу ерекшелерiне қарай саусақ ұшымен сезiну қабілетін жетілдіру;
  • – Бәсекеге қабілетті және интелектуалды тұлға қалыптастыру;
  • – Тактильді кітап арқылы мiнез-құлық әдеттерiн тәрбиелеу;
  • – Кітап қорын тактильді кітаптармен толықтыру;
  • – Оқырмандарды кітапханаға тарту мен кітап оқуға қызығушылығын ояту.

 Жобаның міндеттері:

  • – Әдебиетті терең түсінуге мүмкіндік туғызу;
  • – Көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын ояту;
  • – Жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру;
  • – Мүмкіндігі шектеулі балалардың ішкі әлеуетін ашу арқылы оларды өмірге бейімдеу;
  • – Өмірге деген құштарлықтарын арттыру;
  • – Ойлау қабілеттері мен сөйлеу қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту;
  • – Зағип жандарды өздерін қоғамда басқалармен тең сезіндіру;
  • – Мүмкіндігі шектеулі жандардың бос уақыттарын тиімді өткізу.

 Жоба  бойынша атқаратын жұмыстар:

  • – Kөpy қабілеті бұзылған және нашар көретін балалармен жұмыс жасау үшiн тиiстi материалдық-техникалық база дайындап және Тифлотехникалық құрал-жабдықтармен жабдықтау;
  • – Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған көрнекiлiктер әзiрлеу, тактильді (ертегілер), портреттер, кiтаптар шығару;
  • – Тактильді кітапқа қажетті макеттердің эскизін даярлап, әртүрлі фетр матадан қиып алып пішінін қол инемен тігу, формасын келтіру үшін сентипон материалымен ішін толтыру. Дайын болған бейнелерді ертегі желісі бойынша кітап беттеріне орналастырып түптеп тігу. Дайын болған кітапқа мәтіндерін брайль және жайпақ баспалы шрифте жазу;
  • – Тактильді кітапты балалардың қызығушылығын таныту үшін ертегі кейіпкерлері арқылы дыбыстандыру, музыкалық аспапты үндету.

Жоба нәтижесі:

  • – Көру қабілеті бұзылған балаларға тактильді кітаптарды  (ертегілер)  қолдан жасап ұсынып отырмыз. Мүмкіндігі шектеулі балаларға ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Қазақ ертегілерінің барлық жанрлары балалар мен жасөспірімдердің тыңдауына, олардың ой-өрісінің дамуына, көңіл-күйінің жайлы, көтеріңкі болуына, мінез-құлықтарының қалыптасуына, өсуіне әсер етеді;
  • – Көру қабілеті бұзылған және нашар көретiн балаларға басқа балалармен бiрдей дәрежеде ақпаратты пайдалануға мүмкiндiк беру;
  • – Көру қабілеті бұзылған және нашар көретін балалармен жұмыс жасау үшiн тиiстi материалдық-техникалық база дайындалып, оқу-әдiстемелiк құралдар және тифлотехникалық құралдармен жабдықтау;
  • – Зағип және нашар көретін балаларға арналған дыбысты кітаптар және тактильді кітаптар қорын жинақтау;
  • – Тактильді кітап арқылы көруi зақымдалған балалардың бойына ұлттық құндылықтарымызды насихаттай отырып мейірімділік, ұлтжандылық, бауырмалдылық қасиеттеріне баулу.

________________________________________________________________________________________________

«ИНКЛЮЗИЯ ЖӘНЕ ТЕАТР» жобасы

Театр -мерекелік және қызықты ойындарға толы. Балаларға ешбір теңдесі жоқ зор қуаныш әкеледі. Балалар өте әсерленгіш, олар әсіресе эмоциялық ықпалға берілгіш. Әсіресе зағип, көзі нашар көрмейтін балаларға бұл жоба өте пайдалы.

Біріншіден уақытын тиімді өткізеді;

Екіншіден: психологиялық жағынан пайдасы өте зор;

Үшіншіден: өзін емін-еркін ұстауға үйретеді.

Зағип балалардың нақты ойларына көркем шығарманың сахнаға бейімделуі сол шығарманың мазмұнын дұрыс және ашығырақ түсінуге көмектеседі. Ерекше күтімді қажет ететін балалардың театрландырылған қойылымы — кез келген адамға арналған мәдени шара. Ол мұндай балалардың сенімін арттырып, мүмкіндіктер шекарасын кеңейтеді, жаңа достар табуына көмектеседі.

«Инклюзия және театр» жобасы – бұл кітапханашы мен оқырманның  әріптестік қатынаста және нәтижеге қол жеткізуі үшін жұмыс жасауына арналған.

Көру жағынан қиналатын балалар дені сау замандастарымен ойнай алмай, көптеген мүмкіндіктен айырылады. Ерекше балаларға ата-ананың ғана емес, қоғамның да ықыласы қажет. Осы шектеулерді жойып, қоғаммен қарым-қатынастың есігін ашу үшін балалардың инклюзив театры — таптырмас шара.

Инклюзив – ерекше қажеттіліктері бар адамдарды белсенді әлеуметтік өмірге қосу процесі болып табылады. Ал, инклюзивті театр кәсіби спектакльдерді қоюмен айналысады, мұнда актер балалар, соның ішінде дамуында кемістігі бар балалар сахнада ойнайды.

Біздің қоғамда көп адамдар қорқады, абдырады, ерекше балалармен байланысты барлық нәрселерден қашады. Көзі көрмейтін және нашар көретін  балалар үшін дамудың жалғыз мүмкіндігі – басқа балалармен тең мүмкіндіктерге ие қоғамға қосылу. Театр – зағип  балалар үшін қолайлы теңдік жағдайында өз мүмкіндіктерін ашатын шағын әлеуметтік шеңберге айналады.

Мақсаты:

  • – Жоба ерекше күтімге зәру балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың мүмкіндігін арттырып, баланың қосымша дағдыларын арттырады, жеке тұлға ретінде жетілуіне көмектеседі;
  • – Көзі көрмейтін және нашар көретін  балаларының өзін қоршаған ортасында, ойындарында ептілік танытып қолдануға қалыптастыру, сюжетті-рөлді ойында шығармашылықты дамыту, театр туралы білімдерін бекіту;
  • – Рөлді атқару арқылы бала жағымды әдет, жақсы қасиеттерді ажырата білуге үйренеді, өзі жаман нәрсені қайталамауға тырысады;
  • – Кәсіби инклюзив театрды дамыту;
  • – Оқырмандық, көрермендік талғамды қалыптастыру;
  • – Ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Міндеті:

  • – Әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуге, мән – мағынасын терең түсінуге мүмкіндік туғызу;
  • – Көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын ояту;
  • – Күрделі тақырыптан итермелемейтін, көңіл аударатын жағымды, қуанышты, шығармашылық имиджді құру;
  • – Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру;
  • – Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Ақпараттық жұмыстар:

  • – БАҚ көздерінде, оның ішінде кітапхана мен «Болашақ» мектеп -интернатының әлеуметтік желілердегі парақшаларында осы жобаға қатысты іс-шараларды кеңінен насихаттау жұмыстарын жүргізу.

Күтілетін негізгі нәтиже:

  • -Театр өнердің қыр-сырын меңгеру;
  • – Жоба жұмысы – актерлік өнердің негізімен таныстыру;
  • – Театр үйірмесіне қатысып жүрген оқушылардың өнерін сахнада көрсету;
  • – Әлеуметтік, танымдық т.б. бейне роликтер түсіру;
  • – Мектепшілік, облыстық, қалалық іс –шараларда өнер көрсету, байқауларға қатысу. «Театр-бала өмірінде» жобасына  оқырмендар мен білім алушыларды қамту;
  • – Түрлі байқауларды ұйымдастыру, атаулы күндерге орай сахналық шығармаларды сахналау.

________________________________________________________________________________________________

«ШЕКСІЗ КИНО ӘЛЕМІ» жобасы 

          Жобаның өзектілігі: Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының  «Шексіз кино әлемі»  бағдарламасы (Тифлопікірі бар зағип оқырмандарға арналған кино, мультфильм, видео сюжет)

     Жобаның мақсаты:

  • – Зағип және нашар көретін азаматтарды қоғамдық  ортаға бейімдеп;
  • – өзін-өзі дамыту мен өзара кітап оқуға құлшынысын  нығайту;
  • – көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтардың тифлопікір арқылы отандық және шетелдік киноларға  қолжетімділігі мен  қажеттіліктерін қанағаттандыру;
  • – зағип азаматтардың мәдениет деңгейін, рухани-адамгершілік қасиеттерін, патриотизмін арттыру;
  • – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың  мәдени бос уақытын ұйымдастыру және олардың шығармашылық қарым-қатынасын дамыту;
  • – Тараз қаласы мен Жамбыл облысында көру проблемалары бар адамдар үшін әлеуметтік қызмет ретінде тифлопікірді дамыту үшін жағдай жасау;
  •  – Жоба жұмысының нәтижелері туралы БАҚ-та және Интернет желісінде хабардар ету;
  • – Елімзідің кино саласында еңбек сіңген қайраткелерді ұлықтап, киноларын насихаттау;
  • – Кино өнерін (Режиссура, артистизмді) оқырмандар бойына тереңірек дәріптеу.

      Жобаның міндеті:

  • – Оқырымандарды бағдарламамен таныстыру;
  • – Зағип және нашар көретін оқырмандармен жұмыс жасау;
  • – Оқырмандар арасында кино көруге деген қызығушылағын ояту мақсатында  пікір алмасу;
  • – Іс-шара соңында көрген киноны талқылап, сараптама жасау;
  • – Кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

       Жобаның  бағытттары мен  атқарылатын жұмыстары:

  • – Зағип оқырмандар арасында қарым-қатнасты нығайту;
  • – Оқырмандардың кітапханаға тарту мен кітап оқуға қызығушылығын ояту;
  • – Зағип жандарды өздерін қоғамда басқалармен тең сезіндіру;
  • – Кітапхана оқырмандарына кино арқылы әр-түрлі эмоцияларды сезінуге жағдай жасау;
  • – Жамбыл облысындағы зағип жандарды соңғы шыққан (экшн, триллер, меллодрамма, коммедия т.б.) жаңалықтардан тыс қалдырмау.

     Күтілетін нәтижесі:

  • – Зағип оқырмандар арасында қарым-қатынасты нығайту;
  • – Оқырмандардың кітапханаға тарту мен кітап оқуға қызығушылығын ояту;
  • – Зағип жандарды өздерін қоғамда басқалармен тең сезіндіру;
  • – Кітапхана оқырмандарына кино арқылы әр-түрлі эмоцияларды сезінуге жағдай жасау;
  • – Жамбыл облысындағы зағип жандарды соңғы шыққан (экшн, триллер, меллодрамма, коммедия т.б.) жаңалықтардан тыс қалдырмау;
  • – Зағип, көз жанарынан ерте және кеш айрылған жандарды қоғамдық  ортаға тартып, ортада өздерін еркін ұстауға, өзін-өзі дамыту мен  нығайтуға және жан дүниелерін кино арқылы емдейді, кино  өнеріне қызығушылықтарын арттырады.

Мақсатты топ; «Қазақ Соқырлар қоғамы» ның мүшелері ,кітапхананың тұрақты оқырмандары, «Болашақ» мектеп интернатының оқушылары

Жобаның ережесі:

  • – Жоспардағы тақырып бойынша кино таңдау;
  • – Кино сеансының белгіленген уақытынан кешікпей келу;
  • – Кино сеанс өтіп жатқанда зал тыныштығын сақтау;
  • – Келген оқырмандар тазалықты сақтап, өзін мәдениетті ұстауға тиіс.

________________________________________________________________________________________________

«ТИФЛОЭКСКУРСИЯ»  жобасы

Жобаның өзектілігі:
Күн сәулесін бір сәтке болса да көру – зағиптар үшін өмірдегі баға жетпес, ең асыл арман. Айналасындағыны тек сипау арқылы ғана сезіп, көкірек көзімен көруден басқа қолдан келер қайран жоқ. Алайда, олар – жазмыштың жазғанына жасымайтын қайсар жандар осыған орай мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамға бейімдеуге ой-өрістерін дамытуға бағытталған облыстық тарихи-өлкетану ғимараттарына экскурсия жасау тарихымен танысу мақсатында зағип жандарға арналған «Тифлоэкскурсия» жобасы.

Жобаның мақсаты:
• Мүмкіндігі шектеулі жандардарға мәдени орындардың тарихын насихаттап,ішкі тыныс-тіршілігімен таныстыру.
• Зағип оқырмандарға халқымыздың тарихи мәдени ғимараттарын көрсету.
• Тарихи-мәдени орындарда белгілі бір тақырыпта тағлымдық сағат арқылы шолу экскурсия жасау.
• Кітапхана оқырмандарын қоғамға бейімдеу арқылы ішкі жан дүниелерін рухани дамыту.
• Зағип оқырмандарды қоғамнын алыстатпау арқасында өмірге деген ынталарын арттыру.
• Жоспарланған іс-шараны (Әлеуметтік нұсқаулық жобасын )айына 1 рет жүргізу.
• Жобаның міндеттері «Әлеуметтік нұсқаулық» жобасының нәтижелері туралы БАҚ-та Интернет желісінде хабардар ету.

Жобаның міндеттері:

• Кітапхана мен оқырмандар арасындағы байланысты дамыту.
• Рухани даму арқылы оқырмандардың көне жәдігерлерге мәдени ғимараттарға қызығушылықтарын ояту.
• Кітапхана қызметкері оқырмандарды мәдени ғимараттарға апарған сәтте, сол ғимараттың сыртқы бейнесінен бастап ішкі болмысының барлығын, түсінікті болатындай таныстыру.
• Кітапхана қорындағы тарихи кітаптарды насихаттау.
• Заманға сай қоғамға мүмкіндігі шектеулі жандарды ортаға бейімдеу тарту.
• Осы жоба арқылы зағип жандардың өз пікірлерін тыңдау.
• «Әлеуметтік нұсқаулық» жобасы аясында жүргізілетін іс-шарада оқырмандардың қауіпсіздігін сақтау.

Жобаның бағыттары мен атқарылатын жұмыстары:

• Қазақ соқырлар қоғамының мүшелерін және кітапхана оқырмандарымен бірлесе жұмыс жасау.
• Театр, кітапхана, Ш.Уалиханов атындағы облыстық кітапхана,Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы,Қалалық кітапхана, К.Әзірбаев атындағы филармониясы,Облыстық архив,Мұражай және Руханият орталықтарымен оқырмандарды таныстыру.
• Мүмкіндігі шектеулі оқырмандарды мәдениетті орындарда өздерін еркін сезіну арқылы, рухани білім алуларына ықпал жасау.
• Жоспарланған іс-шаралардың нәтижелерін мәліметтерін әлеуметтік желілерге шығару (соның ішінде кітапхана сайтына)

Жобаны жүзеге асыру мерзімі:( 2023-2024)

Күтілетін нәтиже:
• Арнайы кітапхана оқырмандарын өлкеміздің мәдениетті орындарымен таныстыру.
• Зағип оқырмандарды өздерін еркін сезінуге және өз ойларымен бөлісуге көмек беру, ортаға тарту бейімдеу.
• Кітапханаға түскен жаңа кітап корымен таныстыру және кітапханаға тарту, кітап оқуға баулу.
• Әрбір ғимараттағы, өзіндік ерекшелігі бар бұйымдарды, заттарды, қолмен ұстап сезіну.
• Мәдениетті орындарға қызығушылықтарын ояту.

________________________________________________________________________________________________

«ЖҮРЕК ЖАРДЫ АЛАҢЫ»  жобасы

Жобаның өзектілігі:  Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының «Жүрек жарды алаңы» жобасы зағип оқырмандардың бос уақытын тиімді өткізу, қарым-қатнасты нығайту, қоғамдық ортада өздерін еркін ұстауын дамыту.

      Жобаның мақсаты :

  1. Зағип азаматтардың қоғамдық ортада өздерін еркін ұстауын дамыту;
  2. Зағип оқырмандар арасында қарым-қатнасты нығайту;
  3. Оқырмандардың кітапханаға тарту мен кітап оқуға қызығушылығын ояту;
  4. Оқырмандық, көрермендік талғамды қалыптастыру;
  5. Ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

 Жобаның міндеттері:

  1. Зағип жандарды өздерін қоғамда басқалармен тең сезіндіру;
  2. Мүмкіндігі шектеулі жандардың бос уақыттарын тиімді өткізу;
  3. Еркін форматта өтетін кітап арқылы әр салада түрлі жетістіктерге жеткен кәсіпкерлермен еркін пікір алмасуға мүмкіндік туғызу;
  4. Еркін форматта өтетін іс-шараларға еркін пікір алмасуға мүмкіндік туғызу;
  5. Танымдық белсенділіктерін, ойлау қабілеттерін дамыту;
  6. Кітапханаға жаңа оқырман шақыру;

Жоба  бойынша атқаратын жұмыстар:

  1. «Қазақ соқырлар қоғамы» мен бірге жұмыстар атқару;
  2. «Болашақ» мектеп-интернатының оқушыларымен бірлесе жұмыс жасау;
  3. Еркін форматта өткізілетін жаңашылшараларды ұйымдастыру арқылы кітапханаға оқырмандарды тарту;
  4. Зағип оқырмандарға арнайы психолог маманын шақырып, сырласу;
  5. Жоспар бойынша өтетін дайындық жасау.
  6. Оқырмандарымыздың барлық сұранысын қанағаттандыратын дәрежеге жеткізу.

Күтілетін нәтиже:

  1. Көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарды әлеуметтік ортаға бейімдеу;
  2. Зағип оқырмандар арасында қарым- қатынасты нығайту;
  3. Зағип жандарды өздерін қоғамда басқалармен тең сезіндіру;
  4. Кітапхана оқырмандарының дарындылықтарын ашу;
  5. Мүмкіндігі шектеулі жандардың бос уақыттарын тиімді өткізу;
  6. Оқырмандарға бағыт-бағдар беру;
  7. Мүмкіндігі шектеулі жандар басқа салалардағы өздеріне керекті мәліметті кітапхана қабырғасынан алу;
  8. Оқырмандардың кітапханаға тарту мен кітап оқуға қызығушылығын ояту;
  9. Жобаның мақсаттары мен міндеттері туралы, «Жүрек жарды алаңы» жобасының нәтижелері туралы БАҚ-та интернет желісінде хабардар ету.