Library rules

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасын пайдалану ережелері

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым болып табылады. Жамбыл облысы және Жамбыл қаласының зағип мүгедектеріне кітапханалық және ақпараттық – библиографиялық қызмет көрсету үшін құрылған ұйымдастырушылық – құқықтық түрдегі мекеме.
1.2. Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы қызметінің мақсаты: заманауи технологияларды, телекоммуникативті құралдарды, дүние жүзілік ғаламтор желісін пайдалану негізінде және кітапхана бөлімдеріне көзі көрмейтін мүгедектерге қызмет көрсету саласында әдістемелік және практикалық көмек жасау. Кітапхана өз қызметін Қазақстан Республикалық заңдарына, Қазақстан Республикасының мәдениет Министірлігінің нормативтік актілеріне, кітапхана жарғысына және аталмыш «Ережелерге» сәйкес орындайды.
1.3. Кітапханалық қорда 3 түрлі баспа өнімі бар: бедерлі-нүктелі қаріптермен дайындалған, дыбыс арқылы жасалған, жалпақ баспа қарпі және облыстық әлеуметтік-экономикалық, ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес барлық білім сапалары бойынша әдебиет, облыс көлемінде тұратын халықтарға арналған қазақша, орысша және өзге ТМД елдерінің тілінде дайындалған баспа өнімдері бар. Кітапхана қорына түскен барлық қағазды таратушы, аудиовизуалды және өзге таратушылар есепке алынады. Қажетті құжаттарды іздеу үшін көмекке анықтамалық – ізденіс ақпараты толтырылады, дәстүрлі карточкалық каталогтар және картотекалардан құралып, 2 түрлі: бедерлі-нүктелі және жалпақ баспалы қаріптер арқылы дайындалған.

1.4. Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы көмегімен ақысыз түрде Жамбыл облысының зағип мүгедектері; олардың жанұя мүшелері; көзі көрмейтін және нашар көретін оқушыларға арналған мектеп-интернат, мамандандырылған бала бақшада тәрбиеленушілер және Қазақ соқырлар қоғамында (қызмет ететін) соқыр және нашар көрушілер мәселелерімен айналысатын көзі көруші қызметкерлер пайдаланады. Кітапхана зағип мүгедектерге және өзге санаттағы мүгедектерге ақпаратқа тең, еркін қол жеткізуге, денсаулығының, психологиясының және өзге ерекшеліктерін еске ала отырып, жағдай жасайды.

1.5. Кітапхана пайдаланушыларға аптасына 5 күн қызмет көрсетеді, күн тәртібіне сәйкес, бұл күндерге демалыс, мейрам, тазалық күндері кірмейді.

 

  1. КІТАПХАНАҒА ЖАЗЫЛУ ТӘРТІБІ

2.1. Кітапханаға жазылу төлқұжат немесе тұлғаны куәләндіруші өзге құжат арқылы өткізіледі. Көзі көрмейтін мүгедектер сонымен қатар ҚСҚ мүшелік билетін немесе мүгедектігін дәлелдейтін өзге құжатты көрсетеді. Кітапханаға жазыларда оқырман формулярын толтыруға қажетті мәліметтер баяндалады. Кәмелетке толмаған азаматтар Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы баланы заңды түрде таныстырушы ата-аналары, не солардың орнындағы кісілердің куәлігі негізінде жазылады.

2.2. Кітапханаға жазыларда пайдаланушы кітапхана пайдалану Ережелерімен танысады және оларды орындауға міндетті екенін формулярға қойылған қолымен бекітеді. Көзі көрмейтін пайдаланушыны Ережелерімен қызметкер таныстырады және оның орындалатын міндеттерін формулярға өзі толтырады.

2.3. Оқырманның және кітап формулярлары пайдаланушыға кітапхана қорынан берілген баспа өнімі және материалдарының уақыты және қайтару мерзімін куәландыратын құжаттар болып табылады.
2.4. Өзге қаладан келген және шет елдерден келген көруі нашар мүгедектер немесе кәсіби түрде мүгедектер және мүгедектік мәселесімен айналысушыларға қызмет оқырмандар залында көрсетіледі.
2.5. Жыл сайын пайдаланушылардың қайта тізілуі өткізіледі.

 

  1. КІТАПХАНА ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ

3.1. Кітапхананың көзі көрмейтін пайдаланушылары Кітапхана қорынан баспа өнімдері мен өзге құжаттарды келісілген мерзімге ақысыз алуына құқықтары бар:

– кітапхана қызметі туралы, кітап қорларының барлық түрінің құрамы туралы каталогтар және картотекалар жүйесі арқылы толық ақпарат алуға, кітапханалық ақпараттанудың өзге түрлерін пайдалануға;
– ақпарат көзін іздеу және таңдау жөнінде ақыл-кеңестік көмек алуға;
– библиографтардан және өзге кітапхана қызметкерлерінен библиографиялық анықтама алуға;

– кітапханадағы «сөйлейтін» кітаптарды таңдауда, өзге аудиовизуалды  материалдарды таңдауға, сонымен қатар дыбыс жазушы аппараттарды магнитофон, плеер пайдалану туралы электрондық жабдық, көмекші тифлотехника құралдарын пайдалану жөнінде кеңес алуға құқықтары бар.
3.2. Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы пайдаланушыларға ақысыз көрсетілетін қызметтері:
– жеке және топтық түрде оқитын кісі арқылы кітап оқу;

  • пошта арқылы репродукциялық баспа өнімдерін жіберу;
    телефон арқылы алдын-ала тапсырылған кітаптарды кітапхана көлігімен жеткізіп беру;
  • ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз тифлотехникалық құралдар және электрондық көмекші құрылымдармен жұмыс жасау мүмкіндігі.

3.3.Оқырмандарға берілетін құқықтар:

– кітапхана өткізетін барлық іс-шараларға қатысу;
– кітапханада жанында құрылған әртүрлі кеңестер (жәрдем көрсетушілік, оқырмандық), өзге қоғамдық бірлестіктер құрамына кіруге;
– жазбаша немесе ауызша түрде кітапхана қызметі туралы өз пікірін айтуға, жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізуге: құқықтары бар.
3.5. Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының пайдаланушыларының міндеттері:

– кітапхана пайдалану Ережелерін сақтау, қоғамдық тәртіптің жалпыға арналған қалыптарын сақтау, кітапхана қызметкерлерінің еңбегін және өзге пайдаланушылар құқықтарын сыйлай тұрып, Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының мүлкіне ұқыптылықпен қарауға міндетті.

Ережелерді еркінен тыс немесе әдейі бұзған пайдаланушылар кітапхана әкімшілігі бекіткен түрде және ақылы көлемде компенсация төлейді;
– құжаттарды келісілген мерзімде кітапханаға қайтаруға;
– кітапхана қорындағы баспа өнімдері мен құжаттарын жоғалтса немесе бүлдірсе, соған сәйкес басқалармен айырбастау (сонын ішінде баспа өнімінің жоғалған көшірмесі) немесе кітапхана қызметкерлерінің келісімімен тең бағалы құжат тапсыру қажет. Айырбастау мүмкіндігі болмаса – аталмыш мерзімге сәйкес жоғалған құжаттың базар бағасының есебімен ақысын төлеуге міндетті;

– бедерлі-нүктелі қаріппен дайындалған баспа өнімдерінің негізгі бағасын өтеу;
– «сөйлейтін» кітап бүлінсе немесе жоғалса кітапханаға сол тектес таспалар санын қайтару немесе негізгі бағасын төлеу;

– электрондық жабдықтағы бүлінген, бұзылған жерлері немесе аудио материалдың бүлінгені туралы кітапханашыға баяндау, бұзылғанын өз бетінше жөндемеу.

 

  1. КІТАПХАНАНЫҢ БӨЛІМДЕРІ МЕН СЕКТОРЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

4.1.Абонеметтерді пайдалану ережелері:

4.1.1. Абонемент – белгілі бір мерзімге және белгілі шарт бойынша құжаттарды кітапханадан тыс жерде пайдалануға беретін жүйелік бөлім. Жамбыл облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының бөлімдері:

– арнайы зағип оқырмандар абонементі;

– жалпы бұқаралық абонемент;

– үйде қызмет көрсететін абонемент;

4.1.2. Абонемент пайдаланушыға үш атаулы әр түрлі баспа өнімі, 10 күнге дейінгі мерзімге беріледі. Құжатты пайдалану мерзімі өзге пайдаланушыдан сұраныс болмаса 30 күнге дейін ұзартуға құқұлы. Кітапхана сұранысы жоғары баспа өнімдерін қолда ұстау мерзімін қысқартуға құқығы бар. Әрбір қолға алған құжат үшін пайдаланушы (көзі көрмейтін мүгедектер есептелмейді) формулярға қол қоюға міндетті.

4.1.3. Үйдегі абонемент бөлімі 60 жастан асқан немесе қосымша мүгедектігі бар Тараз қаласында тұратын көзі көрмейтін пайдаланушыға көрсетілетін қызмет түрі, телефон бойынша күні бұрын тапсырылған репродукциялық баспа өнімдері кітапхана автокөлігімен үйге жеткізіліп беріледі.

4.2. Оқырмандар залын пайдалану Ережелері:

4.2.1. Оқырмандар залы – құжаттармен кітап алып оқуға, мерзімді басылымдарды қарауға мүмкіндік беретін жүйелі орын.

4.2.2. Оқырмандар залында пайдалануға берілетін шығармалар және өзге баспа өнімдер саны шектелінбейді.

4.2.3. Сирек кездесетін және құнды материалдар, анықтамалық баспа өнімдерінің жалғыз қалған даналары үйге берілмейді.

4.2.4. Көзі көрмейтін пайдаланушының аптасына 3 сағаттан (кітапхана мүмкіндігіне қарай) кәсіби және оқулық әдебиеттерді кітапхана ішінде оқырман – кітапханашының оқып беру қызметін пайдалану құқығы бар.

4.2.5. Кітапхананың тифлотехникалық бұрышында көзі көрмейтін мүгедектерге тифлотехникалық құралдар мен электрондық көмекші құралдарды өз бетінше пайдалану құқығы беріледі.

 

  1. КІТАПХАНАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТАРЫ

 5.1.Кітапхананың міндеті:

– мүгедектердің еркін түрде тең құқықта ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;

– пайдаланушыларға ең қолайлы жұмыс тәртібін белгілеу;

– пайдаланушыларға заманға, уақыт талабына және ақпараттық қажеттілікке сай библиографиялық, ақпараттық, кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

– қажетті тифлотехникалық құралдар және заманауи адаптациялық технологиялардың пайдаланатын автоматтандырылған жұмыс орындарын ұйымдастыру;

– ғылыми мақсаттан басқаға пайдалануға мәліметтерді пайдалануға тыйым салу;

– кітапханалық қордың комплектілеуін, есепке алынуын, сақталуын және пайдалануына мүмкіндік беріп, қызмет атқару;

– кітапханаға қолға берілген баспа өнімдерінің дер кезінде қайтарылуын бақылау;

-мүгедектерді әлеуметтік қорғау мақсатында қоғамға тарту, бұқаралық және жеке жұмыс арқылы әлеуметтік мәдени қызмет ұйымдастыру, клубтар, үйірмелер, білім алу орталықтары, әртүрлі қызығушылық жөніндегі бірлестіктер ашу.

5.2. Кітапхана құқығы:

– Қазақстан Республикасының мәдениет Министірлігінің келісімімен «Кітапхананы пайдалану Ережесін» бекіту;

– пайдаланушының жасаған моралдық және материалдық зиянының түрін анықтап, айып көлемін, қосымша ақылы қызметтер түрлері мен бағаларын белгілеу.

5.3. Кітапхананың жұмыс тәртібін Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының әкімшілігі Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының келісімі арқылы белгіленеді және директоры бекітіледі.

 

ТИФЛОЛОГИЯ

 

 I. Жалпы ереже

  1. Тифлология бөлімі кітапхана 2017 жылдан бастап құрылды. Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының дербес құрылымдық бөлмі болып табылады, тікелей кітапхана басшысына бағынады.
  2. Бөлім өз іс – әрекетінде басшылыққа алады:

–        Қазақстан Республикасының заң актілерін;

–        Қазқстан Республикасының Мәдениет министрлігінің қаулыларын, жарлықтарын және басқа да басшылық құжаттарын;

–       Жамбыл облысы әкімдігінің  мәдение, архивтер  және құжаттарма басқармасының

қаулыларын, жарлықтарын және басқа да басшылық құжаттарын;

–         ЗНКААРК Жарғысын;

–        Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының Жарғысын; Кітапхана басшысының бұйрықтары мен жарлықтарын;

–        Кітапхана жұмысының регламентін;

–        Әкімшілік пен кәсіподақ ұйымының арасындағы ұжымдық келісім шартын.

 

ІІ. Бөлімнің негізгі міндеттері

2.1. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды зияткерлік, шығармашылық және кәсіби әлеуетін өзін-өзі іске асыруды қолдау,  еңбек жарамдылық мүмкіндіктерін пайдалану, жеке және әлеуметтік мәртебені қалпына келтіру.

2.2.    Моральдық-психологиялық көмек көрсету және өзін-өзі бағалау деңгейін жоғарылату:

2.2.1  Зағип азаматтар арасында Брайль жүйесі (бедерлі – нүктелі қаріпті) бойынша оқу және жазуды үйрету, «Брайлист» үйірмесінің жұмысын жүргізу;

2.2.2 Зағип азаматтар арасында жаңа технологияларды еркін меңгеріп түрлі ақпаратқа қол жеткізу үшін «Зағип және компьютер үйірмесін жүргізу.

2.3. Мүмкіндігі шектеулі адамдарда белсенді өмір салтын ұстану мотивациясын қалыптастыру.

2.4. Мүгедектерді үнемі өзгеріп тұратын өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайларына бейімделуіне жәрдемдесу.

2.5. Аудандағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің  зағип оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерінің кітапханашыларына іс – тәжірбиелік көмек көрсету

2.5. Азаматтардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

 

III. Бөлім жұмысының негізгі функциялары мен мазмұны

3.1.   Бедерлі – нүктелі шрифтегі әдебиеттер басып шығарады:

3.1.1. Басып шығарылған кітаптарды есепке алу.

3.1.2  Басып шығарылған кітаптарды түптеу

3.1.3. Шығарылған кітаптарды аудандардағы бөлімдерге бөлу.

3.2.    Брайль жүйесі бойынша  каталог жасау:

3.2.1  Брайль жүйесі бойынша  бедерлі – нүтелі қаріптегі әдебиеттердің карточкаларын басып шығару

3.2.2 Брайль жүйесі бойынша  дыбыстандырылған әдебиеттердің карточкаларын басып шығару

3.2.3 Брайль жүйесі бойынша  жайпақ баспалы  әдебиеттердің карточкаларын басып шығару.

3.3. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жаңа технологияларды меңгеру және түрлі ақпараттарға қол жеткізу:

3.3.1. Зағип азаматтар арасында Брайль жүйесі (бедерлі – нүктелі қаріпті) бойынша оқу және жазуды үйрету, «Брайлист» үйірмесінің жұмысын жүргізу;

3.3.2 Зағип азаматтар арасында жаңа технологияларды еркін меңгеріп түрлі ақпаратқа қол жеткізу үшін «Зағип және компьютер үйірмесін жүргізу.

 

IV. Бөлімнің құқықтары

Тифлолгия бөлімі және оның басшысы құқылы:

4.1. Директор алдындағы, зағип және нашар көретіндерге арналған арнайы кітапхананың комиссияларының отырыстарында бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерді талқылауға қатысады.

4.2. Қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін, бөлімге кадрларды іріктейді, орналастырады.

4.3. Қызметте жақсы жағынан ерекшеленген қызметкерлерді марапатқа ұсыну. Басшыға қызметкерлерді еңбек, атқарушы тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді.

 

V. Бөлімді басқару

5.1. Бөлімнің ережелерін кітапхана басшысы белгіленген тәртіппен бекітеді.

5.2. Бөлім басшысын  кітапхана басшысы тағайындайды және қызметтен босатады. Жоғары білімі және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар адамдар басшысы лауазымына тағайындалады. Атқару бұйрықтары бөлімнің барлық қызметкерлері үшін міндетті.

5.3. Бөлім бастығы бөлімнің барлық жұмысын ұйымдастырады, жоспарлар мен есептерін жасайды. Осы Ережеде белгіленген функцияларды орындау және бөлім үшін жеке жауапкершілік көтереді.

5.4. Бөлім қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес және бөлім басшысының келісімімен кітапхана директоры қызметке тағайындайды, басқа қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

5.5. Бөлім қызметкерлерінің міндеттері көзі көрмейтін  және  нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхананың басшысы бекіткен лауазымдық нұсқаулықпен анықталады.

5.6. Бөлім жұмысы бірыңғай кітапхана жоспарына негізделген. Бөлімнің жоспарлары мен есептерін (жылдық және тоқсандық) кітапхана басшысы бекітед.

VI. Бөлімнің кітапхананың басқа бөлімдерімен байланысы.

6.1. Тифлология бөліміне:

– оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі мен зағип оқырмандарға арналған  бөлімшемен біріге жұмыстар жүргізеді (іс- шаралар, шолулар және т.б.);

– бөлімнің керек-жарақтарын (қағаз және т.б.) сатып алуға , жиһаз бен жабдықты жөндеуге, бөлімді қысқы мерзімге дайындауға, бөлім қызметкерлерінің жеке ісін жүргізуге қажетті құжаттар мен басқа да материалдарға өтінімдер береді.

– кітапхана бөлімдері – бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары аясында жұмыс істеу үшін қажетті ақпарат алады;

– Тифлология  бөлімі кітапхананы дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімі өткізетін іс-шараларға, семинарларға, дөңгелек үстелдер мен конференцияларға қатысады, бөлімнің жұмысына қатысты мәселелер бойынша әдістемелік құралдар дайындайды.

 

VII. Бөлімнің жауапкершілігі

7.1. Тифлология  бөлімінің басшысының міндеті:

Кітапхананың Жарғысы мен ішкі еңбек тәртібі ережелерін, кітапхана директорының заңдық бұйрықтарын және өзге де жергілікті ережелерді, осы Нұсқаулықта белгіленген лауазымдық міндеттерін дәлелсіз себептерсіз орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін кітапханашы еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Кітапханаға немесе кітапхана процесіне қатысушыларға өз міндеттерін орындамағаны (орындамағаны) үшін кінәлі залал келтіргені үшін кітапхана қызметкері еңбек және (немесе) азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен және шектерде материалдық жауаптылықта болады. Кітапханашы, егер залал оның кінәсінен келмегенін дәлелдемесе, толық қаржылық жауапкершілік туралы жазбаша келісім негізінде сақтауға қабылданған кітаптардың жетіспеуі, жоғалуы және бүлінуі жағдайында толық қаржылық жауаптылықта болады.

бөлімнің жұмыс жоспарын уақытында және сапалы орындауға (жоспарлар, кестелер, нұсқаулар)

атқарылатын кітапхананадағы жұмыстар мен іс-шаралардың тақырыптық бағытына сәйкестігі;

бөлімге келіп түскен барлық құжаттарды дер кезінде жауап беріп, тиісті жерге беру;

есептік құжаттарды уақтылы ұсыну және ақпараттың дұрыстығы;

бөлімнің өндірістік және еңбек тәртібін сақтау;

адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;

оқыту әдістері арқылы бөлім қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру: курстар, семинарлар, өндірістік оқыту, жалпы кітапхананың үздіксіз білім беру шараларына қатысу;

Бөлімдегі қауіпсіздік пен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау;

бөлімде осы Ережемен, кітапхана басшылығы мен жоғары ұйымдардың бұйрықтарымен және нұсқауларымен жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау.