"Зағип және компьютер"

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ МЕҢГЕРГЕН БІР ТОП БАЛА СЕРТИФИКАТ АЛДЫ

«Зағип балаларға – жаңа цифрлық технологиялар» жобасы аясында 2022 – 2023 жылдар аралығында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхананың тифлология бөлімінің кітапханашысы Бегимов Ербол Аққайұлы №2 Арнаулы «Болашақ» мектеп – интернатының оқушыларына компьютер және сенсорлық телефондарда еркін жұмыс істеу әдісі бойынша сабақтар жүргізді.

Аталған сабақтар нәтижесінде тұрақты қатысып, толық курстан өткен белсенді 22 оқушыға UNICEF Халықаралық балалар құқығын қорғау ұйымы және «ЖАН», «АЗИЯ мүгедектер қоғамы» Қоғамдық Бірлестігінің сертификаттары табыс етілді.

“Зағип және компьютер” үйірмесі

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көз көру қабілеті бұзылған оқырмандарға, көру мүмкіндігі шектелген жандарға ақпараттарды толығымен жеткізу, оларға көбірек көңіл бөлу, психологиялық көмек көрсету, қоғамда белсенді бейімдеуге ықпал жасау мақсатында Брайль жүйесі бойынша оқу және жазуға үйрететін «Зағип және компьютер» үйірмесі барысында компьютерлік курс сабақтары жүргізілуде. Үйірмені кітапханашы, 1-ші топ көз мүгедегі Ербол Бегимов жүргізіп, кітапхананың тұрақты оқырмандары, “Болашақ” мектеп-интернатының оқушыларына компьютермен қалай жұмыс жасау керектігін көрсетіп түсіндірді. Жалпы зағиптар және нашар көретін адамдар үшін компьютерлік сауаттылық сабақтары аптасына екі рет өткізіледі. Оқыту курсы – 20 сабақтан тұрады.