ӨНЕРМЕН ШЫҢДАЛҒАН ӨМІР

Оңғарбаева Қолғанат

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының оқырманы Оңғарбаева Қолғанат 1989 жылы 17 қаңтарда Қарақалпақстан Республикасы, Нүкіс қаласында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылғандықтан Қолғанат әжесінің тәрбиесінде болған. Жастайынан қос жанарынан айырылғаннан кейін 2001 жылдан бастап Тараз қаласындағы Соқыр және нашар көретін балаларға арналған «Болашақ» мектеп-интернатында 9 сыныпқа дейін білім алған. Анасынан ерте айырылған оқырман «Анашым, «Асыл ана» өлеңдерін анасына деген сағынышпен жазған.. Сондай-ақ «Туған жер», «Азаттықтың алаңы», «Қазақ және домбыра» т.б. шығарған өлеңдері аудандық «Шұғыла-радуга газетіне жарияланып тұрады. Өлең шығарудан бөлек, қолөнермен айналысады. Сонымен қатар бірнеше облыстық, аудандық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. 2013-2014 жылдары республикалық «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атты байқаудың «Алтын қауырсын» номинациясы бойынша II орын, 2016 жылы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік» атты аудандық жыр мүшайрада I орын, 2016 жылы Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Үміт қанатында» атты облыстық байқауының «Жүректен шыққан жырларым» номинациясы бойынша I орын иегері.

 


Жұматаев Алмат Серікұлы

Жамбыл облыстық көзі көрмейін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының тұрақты оқырманы  Жұматаев Алмат Серікұлы 2010 жылдың 23 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. 2018 жылы Тараз қаласындағы  Соқыр және нашар көретін балаларға арналған «Болашақ» мектеп-интернатының 1 сыныбына қабылданып, қазіргі уақытта 4 сынып оқушысы. 2021 жылы  Көне Тараз вокал  домбыра үйірмесіне қатысқан. Халқына еңбегі сіңген өнер қайраткері болғысы келетін Алмат көпшілік мәдени іс-шараларға қатысып жүлделі орындарға ие болған. Атап айтар болсақ, 2021 жылдың 13 наурыз айында Нұрсұлтан қаласында өткен халықаралық «Біз іздеген таланттар» атты өнер байқауында өз өнерін көрсетіп, бас жүлдені, 2021 жылдың 15 мамырда Шымкент қаласында Республикалық  балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Таланттар әлімі» байқауында өз өнерімен бас жүлде, 2021 жылдың 28 мамырында «Жұлдызға қадам» атты байқауда тағы да бас жүлденің игері. Сондай-ақ  2021 жылдың 1 маусымында Республикалық «Жұлдызай» фестиваліне онлайн түрде қатысып, I орынды жеңіп алған.

 


Қанатбек Санжар Ғазизбекұлы

Мен Қанатбек Санжар Ғазизбекұлы Жамбыл облысы Талас ауданы Есейхан ауылында 1995жылы 11 маусымда дүниеге келген.  2003-2014 жылы Тараз каласындағы Соқыр және нашар көретін балаларға арналған «Болашақ» мектеп-интернатында білім алып, 2012 жылдың түлегі. Санжар шабыты келгенде атасынан дарыған өнері бойынша өлең шығарады. Қазіргі кезде көзімен көрмегенді, ойымен сезіп, қағаз бетіне түсіріп өлең шығарады. Өз жүрегінен шыққан өлең жолдарына ән жаздырып халыққа ұсынады. Осы өнерінің арқасында талай шыңды бағындырған.  2005 жылы «Жұлдызай» фестивалінен бас жүлдені жеңіп алып, табиғаты көркем Бурабай өлкесінде орналасқан «Балдәурен» лагеръіне жолдама алды. Қазіргі таңда өз шығармашылығында «Үмітімді үзгім келмейді», «Үзілмеген үміт», «Адасқан күш», «Жасырын маған», «Еркелей берші», «Жазғы нөсер», «Желідегі махаббат» т.б. өлеңдері бар.

 


Еламан Салауат

Мен Еламан Салауат 2007 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы Түктібай ауылында дүниеге келген. 2016 жылы Соқыр және нашар көретін “Болашақ”мектеп-интернатында білім алды. Қазіргі таңда М.Әуезов атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы, I ші топ көз мүгедегі. Тағдырдың қиын соқпақтарына қарамастан өмірге деген құштарлығы  жоғары. Екі көзі көрмесе де кітапты сүйіп оқиды. Қоғамдық бірнеше іс-шараларға қатысып, Республикалық “Жастар ұлт болшағы” атты байқауында Эстрадалық вокал номинациялары бойынша диплом, 2018 жылы Алматы қаласында өткен “Жарық жұлдыз”атты балаларға арналған өнер байқауында ерекше көзге түсіп  диплом иегері болды. 2021 жылы “Жұлдызай” XVI халықаралық фестивальінің бас жүлдесін, 2021 жылы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырған “Жыр алыбы-Жамбыл” байқауында III орын жеңімпазы атанды. Ата-анасы үй шаруасындағы адамдар. Арманы болашақта  қоғамға өз пайдасын тигізу.