ӨРТ-ТІЛСІЗ ЖАУ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы ұйымдастырған «Қауіпсіздікті сақтайық!» жобасы аясында «Өрт-тілсіз жау» атты Тараз қалалық №4 «Өрт сөндіру» бөлімінің мамандарының қатысуымен мүмкіндігі шектеулі жандарға түсіндіру сабағы өтті.
Тәжірибе бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарды қауіп төнген жағдайда жылдам әрекет етуге, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғануы және төңіректегілерге жәрдем көрсетуге үйрету жұмыстары жүргізілді.
Өрт-тілсіз жау. Оны алдын-ала болжап білу мүмкін емес. Тұрғын үй секторларында өрттер жиі болады. Өрттерде адамдар жиі қаза болады. Сондай өрт болып қалған жағдайда үйден жүгіріп шығу әрекеті зардапқа әкеліп соқтырады. Күнделікті өмірде өрттен жарақат алған, қаза болғандарды естіп, алаңдайтынымыз рас.
Сондықтан мүмкіндігі шектеулі жандарды өрт кезіндегі жасайтын іс-әрекеттерін түсіндіру мен Тараз қаласының Аққозиев көшесіндегі тұратын І-топ көз мүгедегі Абишева Нышанкүл Рахманқұлқызының пәтерінде Тараз қалалық №4 «Өрт сөндіру» бөлімі зағип жандардың пәтерде болған төтенше жағдайдан шығуына арнайы тәжірибе жасады.
Алдағы уақытта Зағип жандардың төтенше жағдайлардан қорғануы яғни «Жер сілкінісі кенеттен пайда болғанда не істеу керек?» «Қар көшкіні кезінде өзін-өзі құтқару жолдары» алғашқы жәрдем, «Балалардың өмір қауіпсіздігі!» «Көшеде жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережелері» бойынша тәжірибелік сабақтар жалғасын табады. Зағип жандардың қауіпсіздік жағдайларынан хабардар болуларына мүмкіндіктер жасалатын болады.