ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕНЕТТЕН ПАЙДА БОЛҒАНДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Бүгін Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен оқушыларға адам өміріне төтенше жағдайда қауіп төнген жағдайлар кезінде жер сілкінісі салдарынан болатын қозғалыспен жарылыс нәтижелері жайында кеңінен мәлімет беру мақсатында «Қауіпсіздікті сақтайық!» жобасы аясында «Жер сілкінісі кенеттен пайда болғанда не істеу керек?» атты практикалық сабақ «Болашақ» мектеп-интернаты оқушыларымен өткізілді.
Практикалық сабақта жер сілкінісі кенеттен пайда болып және қас-қағым сәтте үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер асты қозғалысы зардабы жайлы кеңінен баяндалып, Төтенше жағдайлар басқармасының офицері Келіс Данияр Жанатұлы өзінің оқу практикасы мен жер сілкінісі кезіндегі міндеттер мен оқушылардың көкейіндегі түрлі сұрақтар қойылып, оған тұщымды жауаптар беріліп, түсіндірілді.
Сабақ соңында жер сілкінісінің жойқын күшінің әсерінен болатын апаттар салдарынан ғимараттар мен үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар тоғандар мен басқа да елді мекендер, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесіне зиян келіп, байланыс бұзылатындығы кеңінен айтылып, пікір алмасып, сонымен қатар «Болашақ» мектеп-интернаты оқушыларымен ұйымдастырушылары арнайы кітапхана ұжымына алғыстарын білдірді.