“ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ” ЖОБАСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мүмкіндігі шектеулі жастардың оқу орнындағы үйге берілген тапсырмаларын орындау барысында білімгерлерге көмектесу, оқу бағдарламасына сай келетін оқулықтарды дауыстап оқу және мүмкіндігі шектеулі білімгерлердің ойлау қабілеттерін дамыту, кітапхананың кітап қорындағы қызықты кітаптар мен дыбыстандырылған әдебиеттерді насихаттау мақсатында облыста бірінші рет «Үй жұмысы» жобасы өз жұмысын бастады.

«Үй жұмысы» жобасының алғашқы қатысушысы кітапхананың тұрақты оқырманы І топ көз мүгедегі «Жамбыл жоғары медециналық колледжінің» І курс студенті Жанабаева Рахилаға «Биология» пәнінен үй тапсырмасына «Бассүйек» тақырыбы бойынша ақпарат беріліп, практика түрінде арнайы адам бассүйегінің қаңқасын қолмен ұстап сезіну арқылы сабақ толықтай түсіндірілді. Рахила өз түсінгенін кітапхана қызметкерімен бірге талқылап, ойын толық жеткізе білді.
Шара соңында білімгер жоба жетекшісі Жансая Бердиходжаеваға алғысын білдіріп, үй тапсырмасының жеңілдегенін айтты.