«БОЛМЫС. МАТЕРИЯ. САНА» АТТЫ ТАҚЫРЫПТА ФИЛОСОФИЯ ПӘНІНЕН ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ ӨТТІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхананың мүмкіндігі шектеулі жандарына болмыс, сананың пайдасы туралы кеңінен мағлұмат беру, үйге берілген тапсырманы бірге орындау мақсатында «Үй тапсырмасы» жобасы аясында ұйымдастырылған «Болмыс. Материя. Сана» атты тақырыпта философия пәнінен үй тапсырмасы өткізілді.

Сабақ барысында кітапхананың тұрақты оқырманы І топ көз мүгедегі, Жамбыл медициналық колледжінің 1 курс білімгері Нұрхалық Рамазан Мұратұлына үй тапсырмасына берілген, Ғарифолла Есімнің «Сана болмысы» атты кітабының ішінен оқып беріп, тағы да ғаламтордың көмегі арқылы «ютубтан» слайд арқылы берілген сана, материя болмыс ұғымдары жайлы түрлі ақпараттар мәліметтер телефон арқылы насихатталды.

Сонымен қатар, үйге берілген тапсырмаларын орындау үшін пайдалы ақпараттарды басқа да кітаптан іздеуге баулып, тапсырмаларды орындауға ой-пікір алмасты. Шара соңында арнайы кітапхана қызметкерлеріне алғысын білдіріп, өз үй тапсырымасының жеңілдегенін айтып қуанды.