НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТТЫ

Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхана қызметкерлері Наурыз мейрамын тойлауды 10 наурыздан бастап кетіпті. Мәселен, аталған кітапхана қызметкерлері «Шуақ» күнің игі іс-шарамен өткізсе, «Қауышу» күнінде ұлттық киіммен барып, Қазақ соқырлар қоғамының мүшелерін құтықтап, құрмет көрсеткен. «Алас» күнінде ауланы тазартып, көшедегі талдарды ақтап, қоқыс шығарғаны ды құптарлық.

«Жайнау» күнінде мекеме ішін безендіріп. бірнеше бөлмеге жаңадан гүл кошеттерін отырғызыпты. «Шаттық» күнінде кітапхананың тұрақты окырманы, I топ көз мүгедектері Сағынкүл Шатырқұловаға үлттык киім. Махмұд Пірмановқа, зағип кітапханашы Клара Алтыбаеваға естелік сыыйлықтар берілген. Қазақ сокырлар қоғамымен бірлесіп, ән шырқап ойындар ойнапты. «Береке», «Тағзым» күнінде де ерекше аталып өтіпті. «Тағзым күнінде» Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар беріп, балаларды құанышқа бөлесе, «Болашақ» мектеп интернатының зағип оқушыларына да сыйлықтар табысталған. Сонымен қатар карантин талаптардың ескере отырып, «Ташкент» асханасында 80 зағип оқушыға наурыз көже таратыпты.

Кітапхана ұжымы «Әз Наурыз – жаңару мен жаңғырудың бастауы» атты этно – думан концертпен түйіндеді. Іс-шараны аталған кітапхана директоры Жанна Алшынбаева ашып, көпшілікті Наурыз мерекесімен құттықтап, береке мен жақсылық тіледі. Мұнан соң Кене Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның әншілері Ерлан Ибаділдаев пен Айгүл Есекеева әннен шашу шашты. Мунан соң қонақтар наурыз көжеден дәм татып, жақсы үлкен кітапхана маманы Ербол Ағабаев бата берді. Бейсенді ұйымдастырушы Гүлнұр Алтынбекованың айтуынша, барлық күндердегі іс-шара жоғары деңгейде өткізілген.

⃰⃰   ⃰   ⃰

Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызмегкерлері де Наурыз мерекесі қарсаңында бірқатар іс-шара өткізді. Халқымыздың салт-дәстүріне деген құматтерін байқатып, оқырмандармен бірге «Бауырсақ Пати» іс-шарасын ұйымдастырыпты. Бұл орайда аналар қазанға май қыздырып, қамыр жаюдан шеберлік көрсетсе, әкелер жағы қазан-ошақ қамдумен мерекеге үлес қосты. «Шаттық» күні аясында өткен іс-шараға шамамен 20 келідей бауырсақ пісірілген. Іс-шараға қатысқандар «ас атасынан» дәм татып, кітапхана қызметкерлеріне алғыс айтты. Өз кезегінде аталған кітапхана директоры Гүлфайруз ІҢкәрбекова да көктемнің ғажайып мерекесі Наурыздың мағынасына тоқталып, жиналған көпшілікке алғысын білдірді.

Есет Досалы Наурыз көже таратты

[Мәтін] Е. Досалы // Ақ жол – 2021 – 25 наурыз. №33 – 8 б.