ҚАСТЕРЛІ КҮНГЕ АРНАЛҒАН КІТАП МЕРЕКЕСІ

Қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамытуға бағытталған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен 15 жыл бойы «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы  жарияланып келеді. Бұл жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып,  30 шығарма оқырман назарына ұсынылды.

Республика бойынша барлық кітапханалар әдебиеттерді насихаттау жұмыстарына кірісіп, түрлі мәдени іс-шаралар: дөңгелек үстелдер, оқу конференциясы, тұрақты кітап көрмелері мен библиографиялық шолулар өткізілуде. Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы да осы үрдістен қалыспай,  акция аясында жарияланған кітаптарға мүмкіндігі шектеулі жандардың қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын бір  әдебиетті Брайль қарпіне аударып, облыстық кітапханаларға таратады.

Биыл  Қазақстан Жазушылары Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, ақын, жазушы, қазақтың аяулы қызы  Сәуле Досжанованың «Қасірет пен тағдыр» романы акция аясында таңдалып алынған.

Арнайы кітвапхана Сәуле Досжанның “Қасірет пен тағдыр” романын Брайль қаріпінде жарыққа шығарды.Аталмыш кітап жазушыға сыйға беріліп, республикалық зағиптарға арналған кітапханалар мен аудан кітапханаларында ашылған арнайы бөлімдерге таратылатын болады. м

Гүлнұр Алтынбекова Қастерлі күнге арналған кітап мерекесі

[Мәтін] Г.Алтынбекова //Ақ жол – 2021 – 25 ақпан. №23 – 5 б.