ЗАҒИП ЖӘНЕ КӨЗІ НАШАР КӨРЕТІН ЖАНДАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР –ТРЕНИНГ ӨТТІ

🔷Жамбыл облысы щәкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен арнайы кітапханада «Ерекше жандармен қарым-қатынас» атты практикалық семинар –тренинг өтті.
🔷Семинардың мақсаты көру қабілеті бұзылған адамдардың түрлі заттармен түсті ажырату, қабілетін қалыптастыру және кеңістікте қалай еркін жүруге, нені істеуге болады, нені білулері тиіс – деген сұрақтарға жауап беріп, тәжірибе жүзінде көрсету болып табылады.
🔷Іс-шарада арнайы кітапхана қызметкерлері «Зағип адамдар үшін – кеңістікті бағдарлау ең өткір мәселелердің бірі», «Зағип оқырмандармен қарым – қатынас», «Зағип адамға түсті сипаттау» тақырыптары бойынша баяндама жасап, психологиялық және тәжірибелік тренинг-ойындарын жүргізді.
🔷Семинарға пайдаланушылардың аталған санаттарымен жұмыс істейтін аудандық қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлері, «Өрлеу» Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының мүшелері және «Болашақ» мектеп интернатының ұстаздары мен психолог Кеншинбекова Жанар Дүкенбайқызы қатысты. Семинар жұмысының қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылып, барлық қатысушыларға таратылды.