“ЗАҒИП ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕР” ҮЙІРМЕСІ ЖАЛҒАСУДА
🔷«Зағип және компьютер» үйірмесі бойынша қараша айында жұмыс жоспарына сәйкес кезекті сабақтар өтті. Сабақты үйірме жетекшісі 1 топ көз мүгедегі Бегимов Ербол Аққайұлы зағиптарға арналған «НВДА» бағдарламасымен өткізді.
🔷Үйірмеге кітапхананың тұрақты оқырманы Сабырова Жанерке Қайратқызы қатысып, «Жұмыс үстелі», «Менің компьютерім», «Себет» арнайы бқосымшаларымен танысты. Саусақпен пернелерді дұрыс басып, жазу әдісі бойынша дәріс алды.

