«АРМАН ШЫҢЫ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ ​

🔷Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының ұйымдастыруымен 13 қараша-зағиптар күніне «Арман шыңы» республикалық инклюзивті шығармашылық фестивалі өтті. ​Республикалық фестивальға еліміздің әр өңірінен 5 номинация бойынша зағип оқырмандар сынға түсті. ​🔷Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының тұрақты оқырмандары шығармашылық өнерін шыңдау мақсатында фестивальға қатысып, «Музыкалық өнер» номинациясы бойынша Есимов Ғалымжан Ринатұлы ІІІ орын, «Тактильді өнер» номинациясы бойынша Меркі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашысы Нисонова Мария Владимирқызы ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар, қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.