«Инклюзия және театр» жобасының оқушылары «JAMBYL» радиосында.

№2 «Болашақ» мектеп – интернатының оқушылары «Ақ таяқ күні» мен Халықаралық зағиптар күніне орай «JAMBYL» радио толқынында өтіп жүрген Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының «BOOK FM» жобасына қатысып, сұхбат берді.
Сұхбат барысында балалар және «Инклюзия және театр» жобасының жетекшісі, арнайы кітапхананың әдіскері Г. Қырықбаева жоба бойынша сөз алып, сахналанған қойылымдар жөнінде баяндап берді. Ал, жоба қатысушылары өздерінің театрға, өнерге, әдебиет пен кітапханаға деген ойларымен бөлісіп, алға қойған мақсаттары турасында сыр шертті.