Қарахан баба мен Айша бибі

Бұл жинаққа қасиетті Тараз өңірінің інжу-маржанына айналған Айша бибі мен оның ғашығы деп танылған Әулиеата Қарахан бабамыздың ел ішінде сақталған аңыздары және олар туралы сүбелі еңбек жазған ғалымдарымыздың ғылыми деректеріне негізделген мақалалары, сонымен қатар, Қарахан мемлекетінің тарихы енгізіліп отыр.
Қазақ даласында алғашқы болып ислам дінін мемлекеттік дін деп қабылдаған Қарахан мем- лекетінің дәуірінде аса жоғары дамыған ілім мен білімнің, мәдениет пен өркениеттің, өнер мен діннің шарықтап қанат жайған жетістіктері мен олардың ерекшеліктері туралы ғылыми зерттеулердің маңыздылығы барынша қамтылады.