Әлем әзіл әңгімелері Берік Садыр

«Күлкі – өмір, күлдіре білу – өнер, кулкі болу – өлім» демекші, күлдіре білу өнері – адамзат атаулыға ортақ асыл қазына. Қай қоғам, қай елге болса да әзiл-калжың жат емес. Сан қырлы сатира-юморынан сол елдiң болмыс-бiтiмiн, тұрмыс-тiршiлiгiн, ең аяғы, қай қоғам қандай дәрежеде ғұмыр кешiп жатқанын да бағамдауға болады. Яғни, «Әлем әзіл әңгімелері» атты жинақта негiзiнде көршi елдердiң, сондай-ақ алыс ағайындардың сатира-юморларын аударып көпшілікке ұсынуды жөн көрдік. Өмiрдiң сан-саласын қамтыған әлем әзілкештерiнiң шап-шағын туындылары көп көкейінен шығар деген үміттеміз.