Шерубай Құрманбайұлы “Сөзтүзер”

 

«Сөзтүзер» – бірегей жоба, мәдени шара және мемлекеттік тілді насихаттауға тағы бір қадам. Бұл, ең алдымен, еліміздің қазақтілді БАҚ журналистері мен редакторларына, сондай-ақ қазақ тілін білуін жаңа деңгейге көтергісі келетіндердің барлығына ұсынылады. Жоба Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында жүзеге асырылды. Кітапты шығарудағы мақсат – бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілді нығайту және дамыту. 6 ай бойы Қазақстан Республикасының үздік лингвистері, филологтары мен журналистері бірігіп сөздік жасауда. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің қазақ тіліндегі жарияланымдары мен баяндамаларында жиі орын алатын типтік қателер талданып, анықталды. Сөздік құрастырушылар қателердің екі мыңнан астам нақты мысалдары мен оларды түзету нұсқаларын келтірді. Тек емле мен тыныс белгілерінің қателері ғана емес, сөйлемнің жасалу стилі де жан-жақты қарастырылады.