“Бала неге ауырады?” Б.Мелдебек
Сіздің балаңыз бақытты және дені сау болуға лайық! Неліктен кейбір балалар әрдайым қуанышты, дені сау, ал кейбірі жиі ауырып, мазасыз күйде болады? Баланың иммунитеті тек дұрыс тамақтану мен күтімге байланысты ма әлде оның психоэмоциялық күйі мен отбасындағы қарым-қатынастың әсері ме? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын тәжірибелі дәрігер-педиатр, психолог Бибігүл Сайлауханқызы осы кітапта баяндайды. Өмірден алынған мысалдарды келтіре отырып, баланың денсаулығы мен эмоциясы арасындағы тығыз байланысты ғылыми негізде түсіндіреді. Автор ата-аналарға баланың мазасыздануы мен ауруларының жасырын себептерін анықтауға көмектесіп, ата-ананың өз ішкі күйі мен тәрбиелеу стилінің балаға қалай әсер ететінін ұғындыруға тырысады.

