Талғат Теменов “Беймәлім таныс бейнелер”

Бұл кітапқа Қазақстанның халық артисі, көрнекті кино және театр ре­жиссері, профессор, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, Шыңғыс Айтматов атындағы халықарапық сыйлықтың лауреаты Талғат Досымғалиұлы Теменовтің өнер мен мәдениет, әдебиет саласының тұлғалары және қоғам қайраткерлері туралы әр жылдары жазылған жүрекжарды портреттік мақалалары, шығармашылық кескіндемелері, сұхбаттар, тағы да басқа толғамдары еніп отыр. Топтастырылған мағынасына қарай кітап екі бөлімге бөлінген.

Жинақ өнерсүйер көпшілікке, жалпы оқырманға арналады.